• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ербол Қарашөкеев өңірдегі болашақ ғалымдармен жүздесті

Ербол Қарашөкеев халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге барлығы 124 дарынды оқушылар, 38 қонақтар, мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты.

12.06.2024
0
Ербол Қарашөкеев өңірдегі болашақ ғалымдармен жүздесті
68
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі кездесу барысында оқушылар мен олардың білім бәйгелеріне шәкірт баптап жүрген ұстаздарға ыстық лебізін білдірді.

Әлемдік өркениетке бет алған біздің еліміздің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. 

Тәуелсіз еліміздің бұл маңызды саласы Мемлекет басшысының айрықша назарында. 

Себебі, бүгінгі оқушы — білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, тілдерді еркін меңгерген тұлға ретінде ертең егемен елдің иесі болатыны анық. 

Сондықтан, ұстаздар мен ата-аналарға — бірлескен еңбектеріңіз — балаларымызды білім шыңына жетелеп, бәсекеге қабілетті, отаншыл азамат, Еліміздің туын биік ұстайтын тұлға ретінде қалыптастырады деп сеніммен айта аламын.

Мен облысымыздың дарынды, білімді әрі талантты ұл-қыздарымен кездескеніме қуаныштымын.

Сіздер түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда облыстың мерейін асырып, жеңістің жалауын желбіретіп жүрсіздер.  

Бұл жеңіс – Сіздердің терең білімдеріңіздің жемісі!,- деді өңір басшысы. 

Білім мен ғылымның жас жеткіншектерге берер игілігі мол. Республикалық «Зерде» конкурсында жас ізденімпаз зерттеушілер   18 медальды иеленсе (1 алтын медаль, 4  күміс медаль, 13-қола медаль), «ProEco» экологиялық жобалар конкурсына қатысқан 3 оқушы жеңімпаз атанды (1 алтын медаль, 1 күмісмедаль,1 қола медаль).

Халықаралық Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика зерттеу жобаларынан 4 оқушы (3 күміс медаль,, 1 қола медаль), Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» Халықаралық ғылыми жарысына қатысқан 6 оқушының 4-еуі жеңімпаз (2 күміс медаль, 2 қола медаль ) атанды. 

2023-2024 оқу жылында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі Тараз қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті. ISEF-2024 Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесіне сәйкес өткізілген байқауға Қазақстанның әр облысынан 912 оқушы қатысты. 

Аталған байқауға Жамбыл облысынан 46 оқушы қатысып, 27 жас ғалым (3 алтын медаль, 8 күміс медаль, 16 қола медаль) жүлделі орындарды иеленді. Нәтижесінде, Жамбыл облысының командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» номинациясына ие болды.

2023-2024 оқу жылында алғаш рет Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының арасында академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл мектептері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада» ұйымдастырылды. Жамбыл облысынан қатысқан   49 оқушының 22-сі (1 алтын медаль, 7 күміс медаль, 14 қола медаль) республикалық кезеңнің жеңімпазы атанды.  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 64 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанды (4 алтын медаль,13 күміс медаль,12 қола медаль,).

Нәтижесінде Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды.

«Облысымыздың оқушылары Халықаралық олимпиадаларға  қатысып ел намысын қорғауда. 

Сербия республикасында өткен географиядан Еуропалық олимпиадасында «Дарын» лицей-интернатының оқушысы Сабыр Жомарт қола медальды иеленіп, ағымдағы жылы Белград қаласында және Ирландия республикасында өтетін халықаралық олимпиадада бағын сынамақ. 

Болгария елінде өткен математика пәнінен Халықаралық 41-ші Балқан олимпиадасынан «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Шарел Марғұлан күміс медальды иеленіп, биыл Ұлыбританияның Бат қаласында өтетін халықаралық олимпиадаға жолдама алды.

Сонымен қатар, Өзбекстан республикасында Авиценна атындағы халықаралық олимпиадасына «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Есен Рауан қатысса, Ғалымжанқызы Амина Бразилияда өтетін лингвистикадан халықаралық олимпиадаға жолдама алды.

Әлемнің 24 елінің қатысуымен Грузия мемлекетінде өткен «EJOI-2023» информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Серікбай Сұңғат қатысып, күміс медальды жеңіп алды. 

Түркия мемлекеті, Анталия қаласында өткен робототехникадан халықаралық «Robotex Turkiye-2024» чемпионатына қатысқан Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Тұрғынбай Нұрғиса, Сауытбек Хамзакүміс медальға ие болды. 

Халықаралық «INFORMATRIX-ASIA-2023» конкурсы, информатикадан Еуразиялық олимпиада, робототехникадан «Robotek Grand Tournament» Халықаралық чемпионаты және «Roboland – 2024» IX Халықаралық робототехника фестивалінде 30 оқушы жеңімпаз атанды» деді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы Рауан Садырқұлов.

Жамбылдың шығармашыл әрі талантты жастары ақындық өнерін шыңдап, көркем сөз оқу байқауларында облыс намысын қорғауда. Ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылатын Абай, Мағжан, Ілияс, Әбіш оқулары сынды байқауларға 89 оқушы қатысып, 53-і жеңімпаз атанды. 

Атап айтатын болсақ, Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысына Жамбыл ауданының оқушысы Айдаралы Алина қатысып, Бас жүлдені иеленді. 

Республикалық XXIV «Абай оқулары» байқауынан Жамбыл облысының командасы ІІІ орынды иеленді. 

Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасына 8 оқушы қатысып, 7-еуі жеңімпаз атанды (3 алты медаль, 1 күміс медаль, 3 қола медаль).

Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алу мақсатында өткен республикалық VI «Абайтану» олимпиадасына Жамбыл облысынан  7 оқушы қатысып, 5 оқушы жеңімпаз атанды (1 алтын медаль, 1 күміс медаль,  3 қола медаль).

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балалар арасында өткен «Шексіз өмір» республикалық фестиваліне Жамбыл облысы бойынша 6 оқушы қатысып, 5 оқушы жеңімпаз атанды (2 Бас жүлде, 2 алтын медаль,1 күміс медаль).

2020 жылдан бастап «Ел үміті» корпоративтік қорының бастамасы аясында «Мың бала», «Қабілет» қызметі жобалары іске асырылуда. 

Ауылды жерлердегі оқушылардың дарыны мен қабілетін қолдау мақсатында «Мың бала» ұлттық олимпиадасына соңғы үш жылда қатысқан 27 мың оқушының 357-сі (2020 жылы – 58, 2021 жылы — 33, 2022 жылы — 57 жеңімпаз, 2023 жылы – 83, 2024 жыл — 126) жеңіске жетті. Қазіргі күні 268 оқушы мамандандырылған мектепке орналастырылды.

Осы жетістіктердің барлығы облыс оқушыларының Жаңа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.

Дарынды жастарымыз жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын  биік асуларға жетуді мақсат етіп, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында өздерінің терең білімдерін көрсететіні анық!

Кездесу барысында облыс әкімі Е.Қарашөкеев дарынды жастарға алғыс жариялап, сертификат (100 000 теңге) сыйлады.   Ал, жеңімпаз оқушыларды дайындаған 11 мұғалімге Құрмет грамоталарын тапсырды. 

 

Тегтер: Ербол Қарашөкеевкездесуолимпиада жеңімпаздары
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты