Бұл жобаның мақсаты — өңірдің этностар тығыз орналасқан аудандарында этномәдени бірлестік мүшелерінің, ассамблея құрылымдарының халықпен кездесулерін өткізу мен коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу, жастар арасында мәдени-спорттық байланыс орнату.
Жоба аясында: ҚХА Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің отырыстары; жастар арасында ұлттық ойындар спартакиадасы; «Бірлік – әралуандылықта» атты жас суретшілер мен қолөнершілер байқауы ; этнос жастарын қоғамдық өмірге интеграциялау мақсатында ассамблея жастарының аудан жастарымен «PRO ANR» тақырыбында кездесуі мен мектеп оқушыларына арналған «Менің елім — Қазақстаным» атты патриоттық тимбилдингі, шалғай аудандағы таланттарды таныту мақсатындағы «Өнерім саған Қазақстан» фестивалінің іріктеу кезеңдері ұйымдастырылды.
Анықтама үшін: «Достық керуені» жобасы қыркүйек айында басталып, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай, Талас, Сарысу, Байзақ, Жуалы аудандарын қамтыды. Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің 560 адамның қатысуымен 16 отырысы өткізілсе, жас суретшілер байқауында 130 бала шығармашылығын таныстырды, «Өнерім саған Қазақстан» фестивалінің іріктеу кезендеріне 100-ге жуық үміткерлер өнерлерін көрсетті. Ассамблея жастарының аудан жастарымен «PRO ANR» тақырыбында 18 кездесуі мен мектеп оқушыларына арналған «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты тимбилдингіне 900 адам қатысты.
Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды