Олар ҚХА-ның көпқырлы қызметіне белсенді қатысады. Оларға бағытталған ортақ жұмыстар әрбір этносқа достық қатынасты көрсетуге, патриотизмді дәріптеу, өз Отанына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеуге меңзейді. Жасөспірімдерінен бастап аға буынына дейін әртүрлі жас топтары қамтыла отырып, қайырымдылық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, салт-дәстүрлерін көрсету, тілдерді меңгеру және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар атқаруда.
Әр түрлі этностардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі ретінде табысты жұмыс істеуде, оның тиімді құралы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Бірегей институт өзінің жемісті қызметінде жылдар бойы қоғамда этностар арасындағы құрмет, сенім және өзара түсіністік ахуалын қалыптастыру, этносаралық келісім мен бірлікті нығайту мәселелерінде тиімділік пен маңыздылығын көрсетті.
Барлық өңірлерде ҚХА мардымды жұмыс істейді және олардың төрағалары облыстық әкімдер және олардың қоғамдық орынбасарлары – ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары, өңірлік ҚХА құрылымдарының басшыларынан сайланады. Оларға жүктелген негізгі міндет – қоғам игілігі үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік этносаралық саясатты, ұлттық идеологияны алға ұстау. Мәселен, Жамбыл облысының ассамблеясы этносаралық қатынастар, бірлік пен келісімді нығайту, этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда Ассамблеяға міндеттелген этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау, бірлік пен келісім саясаты, жастармен жұмыс, этносаралық қарым-қатынас және этносаралық саладағы медиация, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жандандыруда жаңа жүйе тұр. Этномәдени бірлестіктер мен өңірлік ҚХА құрылымдары өкілдерінің қатысуымен негізгі бағыттар бойынша өзара сәйкестікті нығайтуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған ауқымды жобалар дәстүрлі түрде іске асырылуда. Мәселен, биыл Таразда және Жамбыл облысының аудандарында этностар жинақы тұратын шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын қамти отырып, «Достық керуені» ағартушылық жобасын іске асыру жалғасын табатын болады.
Аталмыш жоба этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған және оның мақсаты коммуникацияларды қалыптастыру және ҚХА этномәдени бірлестіктері мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу, диалог алаңдарының жұмысына қатысу болып табылады.
Жоба шеңберінде өңірлік ҚХА құрылымдары – Аналары кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ, ҚХА медиаторлары, ғылыми-сараптамалық зерттеу тобының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, үкіметтік ұйымдар мен халық арасындағы өзекті мәселелер шешілетін тиімді әмбебап диалог алаңына айналған «Бейбітшілік пен келісім» ауқымды жобасы іске асырылатын болады және консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді. Сонымен қатар, Жамбыл облысының аудандарындағы этностардың ықшам тұратын жерлерінде ҚХА, өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері ақпараттық топтар құрамында бірлік пен келісім саясаты, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді дамыту, мемлекеттік саясатты ілгерілету мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.
Этномәдени бірлестіктердің, этностардың өкілдері мемлекеттік тілді үйренуге ерекше көңіл бөлуде. Мемлекеттік тілді дамыту, оны этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдалану шеңберінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңы жобасы еңсеріледі. Онда мемлекеттік тілді еркін меңгерудің арқасында қызметтік табысқа қол жеткізген спикерлерден тұратын пул қалыптастырылады. Бұған қоса, мемлекеттік тілдегі өзекті тақырыптарды талқылайтын «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Қазақстанның түрлі этностарының өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру арқылы қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған этнос балалары арасында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасына қатысу жалғастырылатын болады. Жамбыл облысының ҚХА жұмыстары ешқашан бір орында тұрып қалған емес, «Қоғамдық келісім» КММ арқасында уақыт талаптарына сәйкес жаңғырту істері қолға алынып, жұмыс жүйесіндегі жаңа талаптар қамтылуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ассамблеяның XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев жастар театрларын ашудың маңыздылығы туралы баса айтқан еді. Осыған орай, өткен жылы Жамбыл облысы ҚХА жанынан «Достық» жастар театры ашылды, оның әртістері өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен өкілдері, олардың балалары болып табылады. Театрдағы қойылымдар тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Режиссері – өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы және «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының белсенді мүшесі – Асқарбек Сейілхан.
Жастар театрының қатысушылары көрермендерді «Алғыс айту» күніне арналған «Бір атаның балалары» театрландырылған қойылымымен қуантуға дайындалуда.
Қайырымдылық көмек көрсету – ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Мәселен, этномәдени бірлестіктер, Жамбыл облысының өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ, этнос меценаттары игі дәстүрді өзгертпей, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді «Ерікті донор», «Жылу», «Қоржын», «Мейірімді жүрек», «Бар жақсымыз – балаға», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларымен жалғастырады, «Қамқор» және т.б.
Көпэтностылық әлеуметтік кеңістіктің алуан түрлілігі мен мәдени ерекшелігі, адами қатынастардың бірегей мозаикасын дамытуға және толықтыруға, қоғам кеңістігінің палитрасын байытуға мүмкіндік береді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері облыстың барлық қоғамдық-мәдени маңызды іс-шараларына қалыпты түрде қатысады, этностардың мәдениет күндерін, қайырымдылық акцияларын өткізеді, мемлекеттік және ана тілдерін оқытуды насихаттайды, ғылыми-практикалық конференциялар, көрмелер, акциялар, конкурстар, фестивальдар, челлендждер және т.б. ұйымдастырады.
ҚХА бір орында тұрмайды, бейбітшілік пен келісім жолындағы жаңа міндеттердің іске асырылуы қарқынды түрде жалғаса беретін болады.
Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды