• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Су тасқыны. Облыстық құтқарушылар ақмолалықтардың алғысына бөленді

29 наурыз айында Жамбыл облысының құтқарушылары шұғыл көмек көрсету мақсатында су басқан аумаққа жедел аттанды.

03.05.2024
0
Су тасқыны. Облыстық құтқарушылар ақмолалықтардың алғысына бөленді
222
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Еліміздің бірнеше өңірлерінде су тасқыны жағдайы орын алып, бірнеше елді мекенді су басқаны белгілі. Осындай қиын-қыстау кезеңде, яғни 2024 жылдың 29 наурыз айында Жамбыл облысының құтқарушылары шұғыл көмек көрсету мақсатында су басқан аумаққа жедел аттанды.

Құрамында Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Арман Смаилов бастаған, Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің орынбасары Ертай Раимбеков пен Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Талғат Тоқтанов секілді кілең сайдың тасындай іріктелген офицерлер мен құтқарушылар қоштаған бас аяғы 57 адам жеке құрам Көкшетау қаласына келіп табан тіреді. Айта кеткен жөн, аталған топтың ішінде Жедел-құтқару жасағының белді құтқарушылары мен Медициналық апаттар орталығының білікті мамандары да бар болатын.

Су сору жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы техникалармен, мотопомпалармен, резіңке қайықтармен және арнайы киімдермен жарақталған құтқарушылар алғашқы үш күн бойы Көкшетау қаласында су басқан жертөлелерден суды сорып шығару жұмыстарын жүргізді. Ал одан әрі аталған топ Атбасар ауданы, Атбасар қаласында су сору және инертті материалдар толтырылған қаптармен үй іргелерін, өзен жағалауын бекіту жұмыстарымен 15 күнге жуық арпалысты.  Ал жігіттерге Медициналық апаттар орталығының қызметкерлері тиісті ем көрсетіп, құтқарушылардың аттай болып қайтадан қатарға қосылуларына септіктерін тигізді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар мен Жедел құтқару жасағының құтқарушылары да сын сағатта қарап қалмай, бойдағы барлық жігерімен аумақтағы суды сорып шығару жұмыстары үшін аянбай тер төкті.

Сондай-ақ жамбылдық құтқарушылар бұл аумақтағы суды біршама еңсерген соң одан әрі Самарка, Сергеевка елді мекендеріне аттанып, су сору, жағалауды нығайту жұмыстарын белсенді жүргізген. Бір айға жуық қарқынды қызмет атқарып, бірнеше мыңдаған текше метр суды аулаққа сорып шығарып, жұмыстарын абыроймен атқарған құтқарушыларға тұрғындар шынайы ризашылықтарын білдірді және алғыс айтты.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару  жұмыстар қызметінің Қоғаммен байланыс тобының баспасөз хатшысы Нұрболат Өмірзақов

Тегтер: Жамбыл облысызардап шеккендерКөкшетауқұтқарушыларсу тасқыны

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты