• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 13:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Асыраушысынан айырылған 61,2 мың отбасы әлеуметтік төлем алды

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 840 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
22.04.2024, 18:57
Жаңалықтар
Асыраушысынан айырылған 61,2 мың отбасы әлеуметтік төлем алды
43
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 840 мыңға жуық қазақстандық 215,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген 30%-дан 100%-ға дейінгі дәрежеде және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл төлемді 11,5 млрд теңге сомасына 90 мыңнан астам адам алды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% — ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 57 346 теңгені құрады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдарға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 61,2 мың отбасы 8,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 58 543 теңгені құрады.

МӘСҚ-тен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Негізгі шарт – жұмыссыз ретінде тіркелу. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және табысты ауыстыру коэффициентіне (45%) байланысты.

2024 жылдың 3 айында бұл төлем 18,3 млрд теңге сомасына төленіп, оны 122,6 мың адам алды, бұл 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы алушылар санынан 2 есе дерлік асып түсті. Өсім азаматтардың Электрондық үкімет және Электрондық еңбек биржасы порталдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлемге өтініштер берудің электрондық нысанына сұранысқа байланысты. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 65 402 теңге.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл біржолғы төлемді 65,8 мың болашақ ана жалпы сомасы 81,9 млрд теңгеге алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 460 282 теңгені құрады.

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.

2024 жылдың 3 айында бұл төлем 67 мың адамға тағайындалды, оның ай сайынғы орташа мөлшері 79 106 теңгені құрады. Төлем 94,9 млрд теңге сомасына жүргізілді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: әлеуметтік төлемЕңбекминіМӘСҚ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

13.11.2026, 19:07
Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:48
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық жаршысы» экологиялық шарасы өтті

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық жаршысы» экологиялық шарасы өтті

11.11.2026, 11:28
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық жаршысы» экологиялық шарасы өтті

Байзақ ауданында көгалдандыру жоспары артығымен орындалуда

11.11.2026, 10:24
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.