18 жыл ішінде 14 миллионнан астам қазақстандық порталды пайдаланып, 450 миллионнан астам қызмет көрсетілсе, ал eGOV моbile мобильді қосымшасында 9 миллионға жуық белсенді пайдаланушы тіркеліп, оларға 65 миллионға жуық қызмет көрсетілген.
Осы жылдар ішінде eGOV.kzазаматтарға қажетті қызметтерді онлайн режимде ыңғайлы түрде ұсынып, платформа ел тұрғындарына тиімділігін тигізіп келеді. Ұзын сонар кезектер мен қағазбастылық және әр құжат үшін түрлі мекемеге уақыт жұмсау сынды мәселелерді жедел шешу eGOV.kzарқылы онлайн жүзеге асатын болды.
Айтулы датамен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік парақшасында құттықтауын жеткізіп, халықтық платформа үшін еңбек етіп жүрген цифрлық сала мамандарына алғыс білдірді.«Біз жаңа функциялар мен мүмкіндіктерді енгізе отырып, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету бойынша жұмысты жалғастырамыз. Біздің алдымызда әлі де көп жұмыс бар, бірақ біз кез келген сын-қатерлерді еңсеріп,мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жаңа биіктерге жете алатынымызға сенімдімін»дейді министр.






