Қонақтар К. С. Станиславский атындағы театрдың сахнасында өнер көрсетеді.
Жамбыл театры 1967 жылы құрылған. 57 жылдан бері театр әртістері көрермендерді түрлі жанрдағы қойылымдармен және шығармашылық жетістіктерімен қуантып келеді. Ұжым бірнеше рет театр фестивальдері мен байқауларының жеңімпазы атанды. Өткен жылы Жамбыл театры «Золотая провинция» (Ресей) Халықаралық театр фестивалінің дипломанты атанды және Түркістандағы республикалық театр фестивалінде үздік режиссура үшін лауреат дипломын алды.
Қарағандылықтар үшін үш кешкі спектакль және бір балалар қойылымы дайындалды.
– Соңғы рет Қарағандыда 2022 жылы болдық. Көрерменге күнделікті қиындықтардан үзіліс беру үшін комедиялар әкелуді ұйғардық. Бірақ сонымен бірге барлық қойылымдар терең, өмір туралы ойлануға мәжбүр етеді. Қарағандылық көрермен ерекше, өте күрделі, сондықтан гастрольге арналған спектакльдер мұқият таңдалды, – дейді Жамбыл театры директорының орынбасары Валерия Сон.
17 сәуірде көрермендер испан драматургі Алехандро Касонаның пьесасы бойынша «Жабайы» («Дикарь») лирикалық комедиясына шақырылады. Спектакльді М. Горький атындағы Академиялық театрдың қоюшы-режиссері Игорь Седин қойды. Бұл өз әдет-ғұрыптарына қарама-қайшы екі жастың махаббаты туралы өзекті оқиға. Осыған қарамастан, ешкім күтпеген жүректердің тоғысуымен аяқталады.
Сергей Антоновтың «Васька» комедиясы 18 сәуірге жоспарланған. Қоюшы-режиссер – ҚР Мәдениет үздігі Галина Соколова. Спектакль әртүрлі әлем тұрғындары туралы: адамдар, жануарлар және басқа әлем күштері. Бірақ олардың барлығы шытырман оқиғалар орын алатын пәтерде белгілі-бір жағдайда өмір сүреді. Спектакль бір мезгілде күлкілі және әсерлі, сондай-ақ ерекше, өйткені ондағы жануарлар мен рухтар сөйлеу және түсіну қабілетіне ие. Қойылымда 18 + жас шектеуі бар.
Ересектер ғана емес, жастар да 19 сәуірде өтетін «Шутники» спектакліне қызығушылық танытады. Бұл «ГИТИС: шетелдегі орыс театр мектебі» Халықаралық шығармашылық жобасының туындысы. Мәскеуден келген Режиссер Петр Норец Александр Островскийдің «Шутники» пьесасын «цирк, стенд-ап және күлдіргі көз жасы» деп аталатын ерекше жанрларда бейнелеген. Спектакль қоғам туралы баяндайды, онда бәрін ақша басқарады, ал тектілік пен адалдық тек мазаққа себеп болады. Көрерменнің алдында махаббаттың әртүрлі үлгілері пайда болады: шынайы және сатқын, қайғылы және жауапсыз.
Кешкі қойылымдарды көрсету уақыты – 19:00. Олардың барлығы орыс тілінде.
Жас көрермендер үшін әртістер «Мың бір түн» хикаяларына негізделген «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты жаңа шығыс ертегісін көрсетеді. Қоюшы-режиссер – ҚР Мәдениет үздігі Марина Просалович. Спектакль балаларды адал және әділ болуға үйретеді және ашкөздік тіпті ең үлкен жоспарларды қалай бұзатынын анық көрсетеді.
Балалар спектаклін көрсету күндері мен уақыты: қазақ тілінде – 19 сәуір сағат 10:00-де; орыс тілінде – 17 сәуір сағат 10:00-де, 12:00-де, 18 сәуірде 10:00, 12:00, 14:00, 19 сәуір сағат 12:00-де.
Анықтама телефондары: +7-705-556-69-98, +7-705-400-65-32.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі