• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында америкалық ковбойлар өнер көрсетеді

Америкалық ковбойлар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан бақ сынайды

20.03.2024
0
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында америкалық ковбойлар өнер көрсетеді
69
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэллден құралған АҚШ делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ат спорты түрлерін дамытуды, екі елде көкпар мен америкалық родеоны кеңінен насихаттауды, сондай-ақ биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын талқылады.

Америкалық делегация 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысуға дайын екендігін жеткізді. Бұған дейін АҚШ-тың көкпардан ұлттық құрамасы 2018 және 2022 жылдары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан болатын.

«Көкпар – ежелгі көшпенділер ойынының бірі. Аталған спорт түрі бірнеше жүз жылдан бері ойналып келеді. Әрине, бұл – өте әсерлі ойын. Қазақстанда «Көкпар» федерациясы жұмыс істейді. Еліміздің көптеген қаласы мен ауылында жыл сайын көкпардан жарыстар өткізіліп тұрады. Ең кейінгі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпаршылары бас жүлдені жеңіп алды. Сондықтан біз биыл да спортшыларымызға зор сенім артамыз. Біз сіздерді осы спорт түрі бойынша алдыңғы қатарлы команда деп білеміз. Сонымен қатар сіздер Орталық Азиядағы көшпелі халықтарының ат спорты ойындарына белсенді араласып, оны АҚШ аумағында насихаттап жүргендеріңіз бізді қуантады. АҚШ командасының көкпарда өнер көрсетуі есте қаларлық оқиға болады деп ойлаймыз», — деді Ермек Маржықпаев.

Кездесу барысында Туризм және спорт министрі АҚШ-тан келген қонақтарды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасын іске қосу рәсіміне қатысуға шақырды. Өз кезегінде делегация өкілдері родео спортын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрме қойылымдары бағдарламасына енгізуді ұсынды.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: дүниежүзілік көшпенділер ойындарыковбойспортұлттық спорт

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский