• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ербол Қарашөкеев пен өңір зиялылары жыр алыбы Жамбылдың ескерткішіне гүл қойды

Бүгін Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

28.02.2024
0
Ербол Қарашөкеев пен өңір зиялылары жыр алыбы Жамбылдың ескерткішіне гүл қойды
89
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ақынның 178 жылдығына арналған шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық Кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері, ЖОО басшылары және тағы басқалар қатысты.

Ербол Қарашөкеев атаулы датаға орай өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ой бөлісті.

Бүгін Жыр алыбы — Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым еттік.

ХХ-ғасырдың Гомері атанған тұлғаның өнегелі өмірі мен өнері – туған халқын сүюдің, оған қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін айшықтайды.

Елімізде ақын атымен аталатын екі ғана облыс бар десек, оның бірі – Жамбыл облысы. Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде де адам атымен аталатын облыс, қалалар санаулы.

Ғасыр жасаған абыздың есімін еншілеген өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, рухани-мәдени саласында да оң өзгерістер, атқарылып жатқан ауқымды шаруалар аз емес. Аймақта тұлғаға деген құрмет те ерекше.

Айталық, облыста ақын есімі берілген 1 аудан, 4 ауылдық округ, 4 елдімекен, 1 даңғыл мен 87 көше, 9 мектеп және 2 кітапхана, 1 Жамбылтану орталығы бар. Сондай-ақ, өңірде тұлғаның құрметіне барлығы 8 ескерткіш орнатылған.

Жақын күндері өңірде «Жамбыл менің жәй атым, Халық – менің шын атым» атты дәстүрлі республикалық ақындар айтысы өтеді. Сондай-ақ, Айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылады.

Дала данагөйінің дара жолы елдік мүддеге қызмет етіп жүрген әрбір адамға үлгі-өнеге. Жыр алыбының есімін кейінгі ұрпаққа лайықты түрде танытып, оның рухани өміршең мұрасын кеңінен насихаттау — бүгінгі біздің мерейлі міндетіміз, — деді өңір басшысы.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл Жабаев 178 жылЖамбыл облысыТағзым

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты