Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының бұйрығымен Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып Ернар Ғалиұлы Әбілдаев тағайындалды.
Ернар Ғалиұлы Әбілдаев 1991 жылы Меркі ауданында дүниеге келген.
2015 жылдан — 2023 жылға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары.
Соңғы қызмет орны: Көлік министрлігі стретегиялық жоспарлау және жобалық басқару басқарма директорының орынбасары.