Олжас Бектенов — 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. Мамандығы — заңгер. 2023 жылдың сәуір айынан бастап АП басшысы болып жұмыс істеген.
2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ бұрын Антикор басшысының бірінші орынбасары және орынбасары болған.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болды.
2016-2017 жылдары Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының департаментін басқарды.