Астанада 26 желтоқсанда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 30 м/с және одан да көп болады деп болжанады. Боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті 30 м/с құрайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с құрайды. Қарағандыда түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) болады, облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар түседі, боран соғады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың басым бөлігіндегі екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді. Қостанайда қалың қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігіндегі екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтіледі. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, күндіз — 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан да көп.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с құрайды. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Атырау облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.