• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақтың музыкалық мұрасына жаңа стартаптың арқасында қолжетімділік артады

Кейінгі жылдары Қазақстанда бай музыкалық мұраны сақтауға және заманауи музыканы насихаттауға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асып келеді.

turan_admin turan_admin
29.11.2023, 13:50
Қазақстан жаңалықтары
Қазақтың музыкалық мұрасына жаңа стартаптың арқасында қолжетімділік артады
80
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы бағыттағы ең табысты жобалардың бірі – Нуми Мусалиеваның «Sazalem» жобасы.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Нумидың командасы  қазақстандық орындаушылардың заманауи және классикалық музыкасына арналған «Sazalem» мобильді платформасын әзірлеуде. Бір жыл ішінде жобаның дерекқоры 25 мыңнан астам шығармаға толып, 1 миллионнан астам платформа қолданушысы жүктеп үлгерген. Әзірлеушілер «Sazalem» жобасын Қазақстанның бай мәдени мұрасын жинайтын және сақтайтын, сондай-ақ, оны әлемге танымал ететін онлайн платформаға айналдыруды жоспарлап отыр.

«Android жүйесінде біз 20 000-нан астам кері байланыс хабарламасын алдық, олардың көпшілігі біздің жасаған жұмыстарымызға алғыс білдірді. Өйткені біз бірінші кезекте эксклюзивті контентке, яғни аспаптық музыкалар мен күйлерге және әдебиетімізге назар аударамыз. Жаңа әртістер мен заманауи әндерге келетін болсақ, олармен арнайы мамандар жұмыс істемейді, бірақ олар біздің платформада бар болғандықтан, өнерсүйер қауымға тыңдауға мүмкіндік береміз», — дейді «Sazalem» стартап жобасының бас директоры Нуми Мұсалиева.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрия саласын қолдау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетін әзірлеп жатыр.

Жол картасы шеңберінде 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы ақпан айларында креативті жобалар питчингтері өткізіліп, 200-ден астам адам оқытылды.

Креативті индустрия салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 10 жылда 74,2 мың адамға артып, 285 мың адамды құрады. Олардың көбісі Алматы (7,3%), Астана (6,4%) және Батыс Қазақстан облысында (4%) тіркелген. Жалпы бұл салада 32 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Алматы, Шымкент, Атырау, Астана және Түркістан қалаларында 15-тен астам креативті хаб пен орталықтар құрылды.

Министрлік сонымен қатар Креативті индустрияны дамыту қорын құруды жоспарлап отыр, оның мақсаты – креативті индустриялар саласына қолдау көрсету, таланттарды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға және коммерцияландыруға жәрдемдесу. Қазіргі уақытта Қордың жұмыс істеу тәсілдері пысықталуда.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.