• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жөнінде толыққанды ақпаратты қайдан алуға болады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы басталады. Осы бағдарламаның аясында Қазақстанның әр баласының жинақтаушы шотына қаржы аударылады, ол қаражатты болашақта білімге немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады. Қаржы қалай аударылатынын және балалардың қажетіне қалай жұмсалатыны туралы Zakon.kz ақпарат жариялаған болатын.

turan_admin turan_admin
24.11.2023, 15:19
Қазақстан жаңалықтары
Ұлттық қор балаларға: Президент заңға қол қойды
174
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

16 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды. Осылайша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылады.

Бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы Қазақстан балаларының арнайы жинақ шоттарына 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Қаржы Қазақстан азаматы саналатын және 18 жасқа толмаған барлық балаға теңдей бөлінеді.

Қаражат БЖЗҚ-дағы жеке шоттарға түседі, шот «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы ақпарат негізінде әр балаға автоматты түрде ашылады, яғни ата-аналарға банкке немесе БЖЗҚ-ға арнайы барудың қажеті жоқ.

Баланың «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатыса алатынын немесе қатыса алмайтынын egov.kz порталындағы жеке кабинеттен білуге болады. Бұдан бөлек, зейнетақы қорының enpf.kz ресми сайтында тұрақты тұрде мәліметтер жарияланып тұрады.

Алғашқы төлемдер мақсатты шоттарға 2024 жылдың 1 тоқсанында түседі.

Ақшаны бірден шешіп алуға болмайды. Ақша балалардың мақсатты жинақ шоттарында бала 18 жасқа толғанға дейін жиналып тұрады. 18 жасқа толған соң ақша шотта 10 жыл сақталады. Егер жинақталған қаражат 28 жасқа дейін пайдаланылмаса, ол алушының зейнетақы шотына аударылады.

Егер бала 18 жасқа толғанға дейін елден кетіп, азаматтығын ауыстыратын болса, онда ол төлем талап ету құқығынан айырылады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін елден кеткенімен, азаматтығын ауыстырмайтын болса, онда оның төлем талап ету құқығы сақталады.

Азаматтық заңнамаға сәйкес нақты жинақталған қаражатты мұрагерлік жолмен беру мүмкіндігі қарастырылған. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ақшаны басқару құқығы ата-анасына немесе қорғаншыларына өтеді.

Бала кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны екі мақсатта жұмсай алады: тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге. Жобаға сәйкес, тұрғын үйді тек Қазақстан аумағынан ала алады, ал оқу ақысын Қазақстанда да, шетелдік оқу мекемесінде де төлей алады.

БЖЗҚ шотында жиналған соманы уәкілетті оператор арқылы таңдалған мақсатқа аударуға болады.

Отбасы Банк – осы маңызды әлеуметтік жобаның уәкілетті операторларының бірі. Отбасы банктің enpf-otbasy.kz платформасын пайдалана отырып, 2024 жылдың басынан бастап 18 жастан асқан азаматтар алған қаражатын пайдаға асыра алады. Бағдарламаға қатысушылар жинақталған қаражатын мына мақсаттарға онлайн бағыттай алады:

  • өз қаражатын пайдалану мүмкіндігімен тұрғын үй сатып алу;
  • ипотекалық несиені мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу;
  • ипотекалық займ алу үшін бастапқы жарна енгізу, оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • Отбасы банкіндегі депозитті толтыру;
  • МББЖЖ бағдарламасы (мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) аясында депозитті толықтыру;
  • Қазақстандағы оқу ақысын төлеу;
  • басқа елдердегі оқуға ақысын төлеу;
  • оқуға алған несиені төлеу.

Бағдарламаға қатысты толыққанды ақпаратты, оны іске асыру барысы мен шарттарыны байланысты сізді мазалаған сұрақтардың жауабын «Ұлттық қор – балаларға» арнайы парақшасынан таба аласыз.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.