Басқарма Төрағасының жұмыс сапары бойынша Жуалы мен Байзақ аудандарының орталық ауруханаларын аралап шыққан болатын. Түстен кейінгі уақытта Сәбит Мейрамұлы ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің қатысуымен медициналық ұйым басшыларымен кездесті.
Сәбит Ахметовке Жамбыл облысының медициналық ұйым басшыларымен өткен жиыннан кейін сауал қоя алдым.
«ЖАҢА АУРУХАНАДА КОНДИЦИОНЕР ЖОҚ»
Жамбыл облысына қош келдіңіз, Байзақ мен Жуалы аудандарында болдыңыз, медициналық мекемелеріне қандай баға бересіз?
Бағасы жалпы жақсы. Ғимараты жаңа. Жаңадан ашылған. Мамандармен, құралдармен жабдықталған. Халық қызмет алып жатыр. Әрине жаңағы сәл кондиционер орнатылайын деп жатыр. Ал былай бәрі жақсы.
Естіген шығарсыз, соңғы екі үші күнде көп ақпарат шығып жатыр. Медициналық мекемелер ФОМСтың арқасында кредиттер (қарыздар) көп, минусқа кіріп жатыр?
Ол проблема, шынымен бар. Қазіргі таңда қазір «фонд оплаты труда» бізде көбейген. Бірақ тарифтер көтерілмей қалды. Сол үшін де «кредитттік задолжность» болып жатыр.
Осы қазірға ғана Жамбыл облысының көп бас дәрігерлері үлкен — үлкен мәселелерін айтты. Кіші қызметкерлердің мәселелерін айтайын. Осы ФОМСтың төлемдері толық жасамағандықтан айлық толық төленбей жатыр. Бір ставка 0,75 болып жатыр. 0,75 тен 0,5 болып жатыр. Осы жайлы кіші қызметкерлерге не деп айтар едіңіз?
Енді ондай ставкалар бар болса, олар «хозяйственный ведение» ғой. «Хозяйственный ведение» өзі біледі. Олар өздерінің қаржыландыруларына қарай жасайды. Кредитттік берешек бар болса, олар өздері оптимизация жасайды. План финансово оздоровление жасайды. Өздері солай жұмысын атқарады.
ПРЕМИЯ АЛМАДЫМ ЖӘНЕ АЛМАЙМЫН
Әлеуметтік желіде осыдан екі үш ай бұрын осы фондтың алған премиялары өте үлкен дау болып шықты. 12 млн-нан 13 млн-нан. Сол бойынша не айта аласыз?! Ондай премияны сіз көрдіңіз ба?
Менің алдымда болса болған шығар. Менің келгеніме өзі 4 ай болды. Мен келгелі бері бірде бір премия алмадым және алмаймын. Өйткені біздің жарғымызда сәйкес басшылар премия алмайды.
Қазір бізде ешкім алып жатқан жоқ. Қазір атқарып жатқан жұмысымды білемін.
Жалақы аз деп айта алмаймын.
Медициналық мекемеден айлық жалақы аз алып жатқан қызметкерлерге не деп айта алатын едіңіз? 200 мың алып жатқандар 180 мың алуда, ал 180 мың алып жүргендер 150 алып жатыр. Оны жәй қызметкерлер айтып жатыр.
Ол шындыққа жатпайды. Орташа жалақы 400-500 мың. Өзінің жұмысына, маңыздылығына байланысты алады. Совмещение деген бар. Кейбір дәрігерлер жоқ кезде алмастырады. Ставкасына байланысты.
Фармацевт пен провизорлар айлықтарымыз көтерілмеуде дейді. Олардың жалақысы көтеріле ме?
Фармацевттер, орта деңгейлі персоналға жатады. шыны керек соңғы жылы ғана көтерілді. Олардың әзірше жалақысы көтерілу көзделіп жатқан жоқ.
Рахмет.
Сұхбаттасқан Исламбек Дастан.
Фото. Кездесуден кейінгі сәт.