Оның ішінде нақты сектор – 4,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,9%-ке өсті. «Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда. Әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13% болды», — деп баяндады Әлібек Қуантыров.
Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,8%-ке, саудада – 32,2%-ке, ауыл шаруашылығында – 22,1%-ке, білім беруде – 21,5%-ке, сонымен қатар өнеркәсіпте – 10,9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ке өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.