• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов XIII «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу үшін Екатеринбург қаласына (РФ) жұмыс сапарымен барды.

10.07.2023
0
Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды
102
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үкімет басшысы, ең алдымен, қаладағы Қазақстанның Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысты.

Бас консулдық жұмысы Қазақстан Республикасының өңірлері мен кәсіпорындарының Ресей Федерациясы өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтуге, сондай-ақ тиісті консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа дипломатиялық нысанның жұмысы Орал федералды округінің бүкіл аумағын, атап айтқанда Свердлов, Челябі, Қорған, Түмен облыстарын, сонымен қатар Пермь өлкесін қамтиды. Жалпы осы консулдық округтің аумағында 90 мыңнан астам қазақ, оның ішінде Қазақстаннан келген 7 мыңнан астам студент бар.

Әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы Екатеринбург болып табылатын Орал федералды округі – Ресей Федерациясының қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп, ғылым-білім, көлік-логистикалық және қаржы орталықтарының бірі. Мұнда ірі ғылыми және өндірістік бірлестіктер орналасқан. Өнеркәсіптік өндірістегі экономикалық қызметтің негізгі түрлері жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті бар машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі болып отыр.

Салтанатты рәсім кезінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев қызыл лентаны қиып, артынша Бас консулдықтың ғимаратын аралады.

Премьер-Министрдің айтуынша, Оралдың қақ орталығында Бас консулдықтың ашылуы біздің достық қарым-қатынастарымыздың дамуына елеулі серпін береді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 10 жыл бұрын Екатеринбургте екі ел президенттері қол қойған ХХІ ғасырда тату көршілік пен одақтастық туралы шарт аясында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту шаралары белсенді жалғасып келе жатқанын  атап өтті.

«Бүгінде Қазақстанның облыстары мен қалаларының Ресей субъектілерінің көпшілігімен тұрақты диалогы орнатылған. Бұл тұрғыда Орал аймағы географиялық жақындығы жағынан да, өнеркәсібі дамыған Свердлов, Қорған, Түмен, Челябі облыстарымен және Пермь өлкесімен қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстар жағынан да өте маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Сөз соңында Премьер-Министр ҚР Бас консулдығы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдіріп, оның қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzӘлихан СмайыловЖұмыс сапарыҚР Премьер-Министрі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты