Сарысу аудандық сотының үкіміне сәйкес айыпталушы Манар Ақтөреева ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жыл жазасын өтемек.
Сот үкіміне сәйкес Ақтөреева зардап шеккендердің материалдық шығынын өтеуі керек.
Олар:
- Нұрматова 510 мың теңге;
- Базароваға 921 мың теңге;
- Такеноваға 510 мың теңге;
- Дане Ниметоваға 271 мың теңге;
- Рано Ниметоваға 300 мың теңге;
- Исаковаға 1,8 млн теңге;
- Байтоқаеваға 400 мың теңге;
- Ниязбековаға 510 мың теңге;
- Мыңбаеваға 410 мың теңге;
- Шукеноваға 410 мың теңге;
- Базаровқа 1 млн тенге
- Аланасоваға 160 мың тенге
- Каштановаға 950 мың тенге қайтару қажет.
Сот үкімінде затты дәйек ретінде алынған алты адамның қолхаттары қылмыстық істе сақталмақ.
Манар Ақтөрееваның қызы Салтанат Жаңабаева сот үкіміне апелляциялық шағым білдіретінін айтты. Бұған дейін, Салтанат Жаңабаева тергеудің біржақты тергеліп, анасының екі ақ адамнан ақша алғандығын, ал басқа 11 адам басқа екі әйелге бергендерін сотта айтқан.
Еске салсақ, биылғы жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Сарысуда алаяқтықпен айналысқан жалған «әкімдік қызметкері» ұсталды.
Айта кетерлігі, Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғынынан әртүрлі уақытта бір мазмұндағы арыз түсті. Онда олар өзін «Ләззат» деп таныстырған әйелдің пәтер алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен. Әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшаларын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс істейтінін айтқан және аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін деп алдаған.