• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

САРЫСУДА «ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» КӨМЕК СҰРАЙДЫ

16.05.2023
0
САРЫСУДА «ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» КӨМЕК СҰРАЙДЫ
836
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Биылғы жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Сарысуда алаяқтықпен айналысқан жалған «әкімдік қызметкері» ұсталды.

Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғынынан әртүрлі уақытта бір мазмұндағы арыз түсті. Онда олар өзін «Ләззат» деп таныстырған әйелдің пәтер алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен. Әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшаларын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс жасайтынын айтқан және аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін деп алдаған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 54 жастағы «М» есімді ешқайда жұмыс істемейтін Жаңатас қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады полиция баспасөз қызметі. Бірақ редакцияға осы іспен тергеліп, қазір сот процесі өтіп жатқан Манар Ақтурееваның қызы Салтанат Жаңабайқызы хабарласып, тергеудің біржақты тергеліп, анасының екі ақ адамнан ақшаны алғандығы, басқа 11 адам басқа екі әйелген бергендерін сотта айтқан.

 

Салтанат Жаңабайқызының айтуынша, басқа 11 адамнан Рамазанова Сабрина жәнк Каштанова Ділдаш деген кісі үйлеріне барып, жұмыс орындарында, әртүрлі жерлерде кездесіп, үй алу туралы өздерінің уәделерін берген.

«Анамның құлағы естіңкіремейтіндігі бар. Денсаулығында ақаулықтары бар. Сол арқылы өз ойын жасадыма білмеймін. Манар Актурееваның пікір бойынша, анам өзінің алған екі адамын мойындап отыр. Бірақ Каштанова мен Рамазанова ақшаны өзараларында бөліске салған» дейді ол.

Салтанат Жаңабайқызы көмек сұрап, әділ тергеуді талап етті.

«Мен осы Жамбыл облысы департаментінің басшысы Арман Хакімбекұлына және Жамбыл облысының прокурорына, Жамбыл облыстық соттың төрағасына, мен анам Ақтуреева Манардың ісіне байланысты осындай 9миллионға жуық ақшаны біздің отбасылық жағдайымыздың көтермеуіне байланысты яғни анам екі факт бойынша алған 570 мың тг суммасының өзің біздің отбасымыз туған туыс болып жинап оның өзің әрең шамамыз жеткілікті болса жинап бере аламыз. Соның өзіңде анамның құлағының естінкіремейтінін, құлағының ақау барлығын ескерек отырып, іске қатысы бар 11 жәбірленушінің ақшасын алған Каштанова мен Рамазанова азаматшаларының әділ түрде келіп, өз кіналарын ақшаларын алғандығын мойындап, әділ түрде шешіп берулеріңізді сұраймын. Анамның өзі алған сумманы мойындап отыр. Бірақ анам қалған сумманы өтеп бере алматынымызды және қайта тергеу болса да анамды қатысы бар кісілерді Каштанова мен Рамазанованың әділ түрде берулеріңізді сұраймын» деп жазды ол.

Сондай-ақ Манар Ақтөреевадан ашық хат келіп түсті.

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына! Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны Ақтуреева Манар Шәкітайқызынан ашық Хат! Мен Ақтөреева Манар. 11.02.1968 ж туылдым. Мен қазіргі уақытта 190-бабтың 3 бөлімінің 4 тармағы бойынша күдікті ретінде 5 айдан бері қамақта отырмын. Отыру себебім Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тергеушісі Есенбеков Қуаныш тергеу жұмыстарын бұрмалап маған Рамазанова Сабрина мен Каштанова Дилдаштың айтуымен тергеу кезінде жалған мәліметтер беріп, менің құлағымның ауыр еститіндігімді, денсаулығымның нашарын, әлеуметтік жағдайымның төмен екендігін пайдаланып, жаланың барлығын маған жауып, өзі бостандықта жүр. 9 миллион сумманы маған төлетуге және мені соттауға дайын жүр. Тергеу кезінде РОВД қызметкерлері күш көрсетіп мойындатуға тырысты. Рамазанова Сабрина күйеуі екеуі қысым көрсетті. Мен өзімде Рамазанованың жәбірленушісімін 250 мың тг бергенмін. Үй әперуге уәде етті. Соған сеніп, үй алу мәселесімен мені қылмыстық ісіне пайдаланды. Сізден соттың әділ өтуін және қайта тергеулеуін өтінемін. Рамазанова мен Каштанованы қылмыстық іске тартуыңызды сұраймын. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын және өмірін арашалап әділетті Қазақстан мемлекеті болуы тиіс емеспе?! Ең бастысы адам өмірі құрдымға кетпеуі керек. Қазіргі таңда сол екі азаматшаның кесірінен жазықсыздан жазықсыз 5 ай отырмын. Маған шындықты, әділдікті турасын шешіп беріңізші. Өтінемін» деп жазылған ашық хатта.

Айта кетейік, сот процестеріне қатысуға хат жолданатын болады. Сот процесі бақылауда.

Тегтер: Сарысу ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты