• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 04:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шу қаласының бюджеті үш есе артты  

turan_admin turan_admin
13.05.2023, 17:25
Облыс жаңалықтары
Шу қаласының бюджеті үш есе артты   
96
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу қаласының тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуге облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Айта кетейік, ағымдағы жыл басынан бері өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 600-ден аса кездесуі өтсе, оның 28-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Басқосуда Шу қаласының жақында ғана сайланған әкімі Елдос Нұралиев есеп беріп, өзекті мәселелерге де тоқталды.

45 447 тұрғыны бар қала 8 массивке бөлінген.

Елдос Нұралиевтің айтуынша, облыс әкімінің қолдауымен қаланың 2023 жылғы бюджеті  938,0 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен.

Бүгінде қаланың негізгі өзекті мәселелерінің бірі «Қант зауыты», «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» тұрғын алқаптарын таза ауыз сумен қамту болып отыр.

Бүгінде қала тұрғындарына «Темір жол су Алматы» ЖШС және  «Ауыз су» КМК қызмет көрсетеді. Мұндағы 9406 ауланың 6 978-і ауыз суға қосылған.

«Қант зауыты» мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2022 ж құрылыс жұмыстары басталған. Нысан 2023 ж. қараша айында пайдалануға беріледі. Ал қалған «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» мөлтек аудандарына аудандық бюджеттен ЖСҚ дайындауға 24,0 млн қаржы қарастырылып, құжаттамалар әзірленуде. Осы жобаларды іске асыру үшін құжаттар 2024 жылдың Республикалық бюджетін нақтылауға ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, бүгінгі күнге қаланың кәріз жүйесінің 86 пайызының тозығы жеткендігі айтылды. Кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғырту үшін ЖСҚ әзірленіп, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығына келісімге жолданған.

Бұдан бөлек, көппәтерлі үйлерді газға қосу, жолдарды жөндеу, электр желілерінің тозуы, қосалқы станцияны іске қосу мәселелерін шешу жолдары да сараланды.

Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген көптеген өзекті сауалдарын жолдады.

Облыс әкімі сұраққа облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауап берді.

— Өздеріңізге білетіндей қалада көптеген мәселелер қордаланып қалған. Ол мәселелердің барлығын кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыстар атқарылады. Ол үшін үш жылдық жоспар да әзірлеген. Облыстан қолдау болады. Биылдың өзінде қаланың бюджетін үш есеге арттырып отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесуден кейін аймақ басшысы бірқатар шулықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.