• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жандос АХМЕТОВ: «Тараз»-дың міндетті түрде екінші тынысы ашылады

19.04.2023
0
Жандос АХМЕТОВ: «Тараз»-дың міндетті түрде екінші тынысы ашылады
198
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Тараз» футбол клубына жанкүйерлерден команданың қазіргі жағдайы мен алдағы келешегі туралы қайырылулар түсіп жатыр. Футболсүйер қауымды спорттық құрам мен маусымдағы мақсаттары ғана емес, команданы ұлттық чемпионаттың Бірінші лигасына түсуге мәжбүр еткен қаржылық жағдайы да қызықтыруда. Біз келіп түскен сауалдардың бәрін жүйелеп, клуб жетекшісі Жандос АХМЕТОВКЕ жолдадық. 

 

— Жандос Қуанышұлы, әңгімені ең ауыр сұрақтан бастағанымыз жөн шығар: неліктен клуб Бірінші лигаға өз еркімен ауысу туралы шешім қабылдады, жағдайдан шығудың басқа мүмкіндіктері болмағаны ма?

— Ең алдымен «ерікті» деген сөздің бұл жерде негізсіз екенін атап айтқым келеді. Егер бірқатар жағдайлар болмаса, біз, әрине, ешқашан мұндай қадамға бармас едік. Осыған итермелеген жағдайларды еске алайықшы. 2021 жылды клуб миллиард теңгеден астам шығынмен аяқтады. 2022 жылы Республикамызда кәсіби клубтарды қаржыландырудың 1,2 миллиард теңгеден аспайтын лимиті енгізілгені белгілі. Міне, осындай жағдайда біз ол қарызды жабуымыз керек еді. Біздің алдымызда аса күрделі міндет – Премьер-лигада ойнайтын басты командамызды дамытумен қатар екі жастар командасы мен 500-ден астам бала жаттығатын футбол орталығын да қаржыландыру міндеті тұрды. Оның үстіне жастар командасы Бірінші және екінші лигаларда ойнайтын, ал футбол орталығының балалары жай ғана секцияларға қатысып қана қоймай, ел біріншілігінде өнер көрсететін. Ал ол дегеніміз – жаттықтырушылар, мамандар, сыртқа шығулар, іссапар шығындары, құрал-жабдықтар, арнаулы киімдер және басқалар. Осындай жағдайға қарамастан біз ойыншыларымыз бен мамандарымыздың алдындағы қарыздарымызды да жабуға, ағымдағы қызметтерді де атқаруға тырыстық. Негізгі командамыз басында көшбасшылар қатарынан көрінді,  тіпті тізімнің басына да шықты. Біз бірқатар жарқын жеңістерге қол жеткіздік, стадионды 10 мың жанкүйерге дейін толтырдық.

Бірақ, шындығын айтайын, қатаң қаржылық шектеулер жағдайында жұмыс істеу оңай болған жоқ. Әрине, ақша жетпеді, сөйтіп көп ұзамай проблемалар да туындай бастады. Сәтсіздіктер тізбегі неден басталды? Бірқатар ойыншылардың командадан кетуінен де. Бауыржан Байтана команданың моторы еді. Басқа жетекші ойыншыларымыздың жарақат алып қалуы жығылғанға жұдырық болды. Ал команданы мықтап нығайтуға қаржылай мүмкіндігіміз болмады.  

Соған қарамастан, команда спорттық қағидат тұрғысынан алғанда Премьер-лигада қалды, ал клуб жыл басында қалыптасқан қарыздың өсіп кетуіне жол бермеді. Дегенмен қарызымыз болды. Сондықтан маусым қорытындысы бойынша, қаржылық проблемаларға байланысты Қазақстан футбол федерациясы, УЕФА және ФИФА тарапынан бізге бан – жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды. Бізге салынуы мүмкін, соның ішінде Бірінші лигаға ауысуға байланысты санкциялар туралы ресми ескерту жасалды. Қарыздарды тез арада жабудың мүмкіндігі жоқ екенін ескере отырып, келісуімізге тура келді. Әрине, бәріміздің Премьер-лигада ойнағымыз келеді, бастапқыда сыныбымыз төмендейді деген ойдың өзі біз үшін сұмдық болатын. Бірақ ақылға сала келе бұл жағдайда біз үшін қалыптасқан, бірінші кезекте қаржылық шиеленісті жағдайдан шығудың шынайы мүмкіндігі пайда болады деп шештік. Бірінші лигада ойнай жүріп, ойыншылар мен клуб әкімшілігі алдындағы да, басқа міндеттемелеріміз бойынша да қарыздарымызды жаба алатын едік.

Ашығын айтайын – клуб банкроттықтың алдында тұрды. Сол сәтте біз шешім қабылдауымыз қажет еді – не клубты толық жабамыз да барлық қарыздарымыз автоматты түрде жабылады, не барлық міндеттемелерімізді, соның ішінде түрлі салықтық төлемдер, әлеуметтік аударымдар, тағы басқалар бойынша міндеттемелерімізді орындай отырып, Бірінші лигада ойнау. Дегенмен бұл қадам клубты ағымдағы қаржыландыруға жұмсалатын қаражатты елеулі түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін еді. 

 

— Яғни өздерін банкрот деп жариялап, Екінші лигада жаңа команда құрған бірқатар командалардың жолымен жүру мәселесінен бас тарттыңыздар ғой? 

— Командамыздың бай тарихы болғандықтан да біз бұл қадамға бара алмадық. Біз 1996 жылғы ел чемпионы, чемпионаттың екі мәрте күміс жүлдегері, кубок иегері және бірнеше рет финалистіміз. Сонымен қатар клубымыз футбол әлеміне Евгений Яровенко, Вахид Масудов, Ваит Талгаев сынды аңыз адамдарды берді. Бүгінде еліміздің ұлттық құрамасының ойыншылары Бақтияр Зайнутдиновтың, Бауыржан Исламханның, Абылайхан Жұмабектің есімдері елге жақсы таныс. Клуб тарихында Антон және Рохус Шох, Нүркен Мазбаев, Диас Камелов, Мұрат Тлешев, Азамат Ниязымбетов, Азиз Анарметов сынды талантты ойыншылар, басқа да шеберлердің тұтас бір шоғыры болды. Олар өте көп, сондықтан осындай даңқты тарихы бар клубты біржолата жабу біздіңше үлкен қателік болған болар еді. Сондықтан да біз Бірінші лигада болса да клубты сақтап қалған жөн деп шештік. Бұл орайда мен команданың төменгі дивизионға түсіп қалғанына қарамастан команда бюджетін қысқартпаған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке ризашылығымды білдіргім келеді. Әкім міндеттердің бірі ретінде дәл осы қалыптасқан қарыздарды жабу міндетін қойды. Бюджетті қысқартқан жағдайда біз қарыз қақпанынан құтыла алмас едік.

 

— Клубтың қазіргі таңдағы қаржылық жағдайы қандай?

— Өткен екі жылдың қарыздарының шамамен 70-75 пайызын жауып та қойдық. Негізінен жалақы бойынша қарыздар жабылды, бұл тұрғыда өткен жыл күрделі болды. Адамдар жалақыларын айтап күтті. Мен қызметке кіріскен кезде проблема өте көп еді. Мысалы қарапайым құралдардың өзі болмады. Жыл бойы біз жұмысты жүйеге түсіріп, бес жыл бойы экипировкасыз, жыртық доптармен ойнап келген футбол орталығының балаларын киіндіруге және қамтамасыз етуге тырыстық. Жан жақтан арыздар түсіп, сотқа шақырылып, салықтық бұғаттаулар салынып жатты. Дегенмен біз қазір футболшылар, мамандар, команда персоналы алдындағы қарыздарымызды жаптық. Бұған дейін база, Орталық стадион клубқа тиесілі болған екен. Біз бұл нысандар бойынша қарыздарды да жаптық, онда коммуналдық қызметтер – жылу, су, электр энергиясы бойынша ауқымды қарыз жиналып қалыпты. Біз келгенде бірнеше ай өркениеттің осындай игіліктері де болмады, міне осындай жағдайда жұмысымызды бастадық. Құрал-жабдықтар мен футбол орталығының эпикировкасына қатысты проблемаларды шештік. Келешекте бұл жағдайларды жақсартатын боламыз. Негізінен барлық жеткізіп берушілер алдындағы қарызымызды жаба алдық. Салықтық төлемдер бойынша қарыздар қалды. Бірақ біз сауықтыруға бердік – егер қолдау тапсақ, қарызды кесте бойынша жаба аламыз. Сонда клуб жаңаша тыныс алып, едәуір жеңілдеп қалатын болады. Жанкүйерлерге салықты ешкім де қараптан қарап кешіре салмайтынын, кез келген ұйым салық органымен есеп айырысуы тиіс екендігін түсіндіре кеткім келеді.  

— Жакүйерлердің неліктен жас ойыншылардың өзін ұстап қалудың мүмкіндігі болмағанын білгісі келеді. Клуб олардың басқа командаларға ауысуына байланысты өтемақы алды ма? 

— Біріншіден, қалыптасқан жағдайда біз толықтай, соның ішінде кадарлар бойынша да оңтайландыруға баруға мәжбүр болдық. Ойыншыларға бұрынғыдай жалақы ұсынуға мүмкіншілігіміз болмады. Қазіргі регламент бойынша, қарыздарлық екі айдан асқан жағдайда кез келген ойыншы клубты контрактыны бұзатыны туралы хабардар етіп, командадан өтемақысыз кетуіне болады. Маусымның ортасында Бауыржан Байтана осылай кетті, өйткені оған қарызымыз бірнеше айдан асқан болатын. Сондықтан маусым аралығында футболшыларымыздың көпшілігі, соның ішінде бірнеше жас ойыншымыз басқа командаларға ауысты. Мүдделі клубтар жігіттерімізге тікелей шыққандықтан, біз оларды сата алмадық. Оның үстіне ойыншылардың қолдарында мұндай жағдайларда тіпті жас футболшылардың өзіне еркін агенттер мәртебесін беру қарастырылған кәсіби келісімшарттар болды. 

 

— Биыл клубтың алдында қандай міндеттер тұр?

— Ең бастысы – әрине, қаржылық оңалту, қарыздарымызды жабатын боламыз. Спорттық құрамға келетін болсақ, біз жігіттерімізді жақсы деңгейдегі толыққанды ойыншы ретінде тәрбиелеуіміз, оларды Бірінші лигада шыңдауымыз керек. Әзірге бастамасы жаман емес деп ойлаймын. Біз құрамында барынша танымал күшті ойыншылар бар «Тұран»-нан барынша төмен есеппен ұтылдық, ал қонақта «Түркістан»-ды 5:0 есебімен ұттық. Біздің өзіміздің амбициямыз бар, қайталап айтайын, команда құрамына барынша жас ойыншылар енгізілгеніне қарамастан, мүмкіндігінше, әрине, турнир кестесінің жоғары орындары үшін күресетін боламыз. Жастарымыз өте талантты. Біз Бірінші және Премьер-лига командаларымен ойнаған Шымкенттегі жиындар жігіттердің ешкімнен тайсақтамайтынын, бойларында ойнауға деген үлкен құлшыныстың бар екенін көрсетті. Бүгін-ертеңдері басқа клубтар оларды аңди бастайды. 

 

— Бұл тәрбиеленушілерімізді де басқа клубтар өтемақысыз азғырып алып кетіп жүрмей ме?

— Жоқ, деп кесіп айта аламын. Қазір алаңға шығып жүрген келешегі бар ойыншылар біздің Премьер-лигада (Ерсұлтан Қалдыбеков, Еркебұлан Тойбеков, Бауыржан Рахмет), сондай-ақ Бірінші (Мүслім Жұмат, Арсен Әшірбек, Абдулла Ермек) және екінші лигаларда (Дәулет Затыбеков, Диас Лесбек, Абзал Мұханбетжанов) өнер көрсетіп жүрген үш командамыздың құймасы болып табылады. Оған қосымша біз бұл команданың жақын резервін дайындап жатырмыз, өйткені Екінші лиганың командасы «Тараз-М» бар. Ол футбол орталығының 2005 жылғы түлектерінен тұрады. Сонымен қатар жақын күндері ауқымды футбол жобасы – Жасөспірімдер Лигасы басталады, онда да біздің жастар өнер көрсетеді. Инвесторлар тауып және өздері де шығынданып осындай бірегей біріншілікті ұйымдастырған Қазақстан Федерациясы мен ПФЛК-ға үлкен рахмет. Бұл Лига да бізге өте жақсы кадрлар береді деп сенеміз. 

Әрине, жігіттерімізге жақсы ұсыныстар түсуі мүмкін. Бірақ бұл жерде біз саралап көреміз – егер олар үшін лайықты өтемақы беріп, ойыншылардың өзіне жақсы жағдайлар жасайтын болса, біз оларды жібереміз. Олардың чемпионаттың және еурокубоктық аймақтың медальдары үшін күресетін жақсы командаларға баруына біз де мүдделіміз. Бірақ алаңдауға негіз жоқ. Барлық ойыншыларымыз екі және үш жылдық контрактілерде, ал қазіргі жалақымен біз екі айлық қарыздарлыққа жол бермейміз деп сенемін. Дегенмен оларды барынша ұстап қалуға тырысатын боламыз, өйткені басты мақсатымыз – өзіміздің амбициялы міндеттерімізді орындау үшін осы болашағы бар команданың негізін сақтап қалу. 1996 жылы «Тараз» іс жүзінде өзінің жас тәрбиеленушілерінің есебінен ел чемпионы атанды емес пе. Тарихты неге қайталамасқа?

 

— Қазір «Тараз» үйдегі матчтарын «Жастар» стадионында өткізіп жүр. Ойындар Орталық стадионда өткізілетін бола ма?

— Болады, бірақ қазіргі кезде онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жиырма жылдай, Тараздың 2000 жылдығы тойланғалы бері стадионда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл меніңше клубтың Бірінші лигада ойнайтынын ескеріп, облыс басшылығы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады, бұл қуанышты жайт. Шамамен маусым айына дейін біз «Жастар»-да ойнайтын боламыз. 

 

— Клуб табыстың қандай қосымша көздерін қарастырып отыр?

— Қаржыландыруды негізінен демеушілер есебінен ұлғайту бойынша жұмыс істейтін боламыз. Өткен жылы бірқатар компанияларды, соның ішінде «Қазфосфат» ЖШС-ін әріптестікке тарта алдық. Көрсеткен қолдаулары үшін оларға ризашылығымды білдіремін, дегенмен биыл олардың өздерінің жұмысшылары алдындағы әлеуметтік міндеттемелері көп. Қазір басқа демеушілермен әріптестік орнату мәселесін қолға алып жатырмыз. Сондай-ақ біз өзіміздің шаруашылық және маркетингтік қызметтерімізді күшейтпекпіз. Мәселен Орталық стадионға оралған соң, клуб дүкенінің жұмысын қайта жаңғыртпақпыз. Сатылымға қазір ойнап жүрген және өткен құрамның  ойыншыларының ғана емес, біздің бұрынғы футболшыларымыздың да формалары шығарылуы мүмкін. Мысалы біз Зайнутдиновтың немесе Исламханның, Байтананың футболкаларын, әрі олар кезінде «Тараз» үшін ойнаған футболкаларын ұсына аламыз. Мұның бәрі мүмкін нәрсе. Сұраныс болған жағдайда оларды тұрақты негізде шығаруға дайынбыз. Біз жанкүйерлердің матчтарға сатып алатын билеттерінің өзін олардың команданы дамытуға қосқан үлестері деп еептейміз. Керемет қомақты қаражат болмаса да, олар командаға аса қажет. Әрине, бұл жерде көп нәрсе келушілер санына байланысты болады. Біз 10 мың жанкүйерден жинаған кезде ғана командаға жан-жақты қызығушылық туындайды. Сондықтан біз осы санды қайтаруға тырысамыз.

Жанкүйерлерді мынаған сендіргім келеді – егер біз барлық қаржылық міндеттемелерімізді шешетін болсақ, жақын келешекте алдымызға Премьер-лигаға шығу міндетін қоятын боламыз. Біз жанкүйерлерге оларға ұнайтын футболды қайтарғымыз келеді. Ол үшін мықты команда құрып, еліміздің ең мықты лигасында ойнауымыз керек. Үміт тағы да өздерінің қажеттілігін үнемі дәлелдеп келе жатқан тәрбиеленушілерімізге артылатын болады. Өткен жылғы құрамдағы бірде бір ойыншы жұмыссыз қалған жоқ – бәрі өз командаларын тапты. Тіпті Бірінші лига командаларына ауысқан жас футболшылардың өзі ең биік міндеттерді орындау үшін алынып отыр. Қазір де біз тағы да негізінен 17-19 жастағы өз тәрбиеленушілерімізге бәс тіктік. Олар біздің футбол орталығында өскен, сондықтан бұл олар үшін үлкен шанс. 

Команда жанкүйерлерінен өзіміздің клубқа сенім артуларын сұранамын. Олардың Бірінші лигадан бірақ шыққан командамыз үшін уайымдап отырғандарын түсінемін. Дегенмен ең бастысы біз банкроттықтан құтыла алдық. Бұл біздің бүгінгі таңдағы ең үлкен жеңісіміз. Бүгін де бізбен бірге қалып отырғандардың бәріне рахмет айтқым келеді. Биыл біз фанаттардың өтінішімен ел кубогы аясында Шымкентте өткен ойындарға автобус ұйымдастырдық, олар бізге керемет қолдау көрсетті. Бірінші лиганың бірінші матчы да «Жастар» стадионына трибуна тола халықты жинады. Жанкүйерлер бізге «сендер бесінші лигада болсаңдар да біз келеміз», дейді. Мұндай қолдау бізді қанаттандырады. Біз міндетті түрде қайта жаңғырып, екінші тынысымызды ашамыз! Бізбен қалғандарыңыз үшін көп рахмет, Сіздердің үміттеріңізді ақтауға бар күшімізді салатын боламыз!

 

Дереккөз: «Тараз» ФК баспасөз қызметі.

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты