• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ӘКІМДІК ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА АЛУДА

11.04.2023
0
ӘКІМДІК ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА АЛУДА
850
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы сауда үйінің бірінен 700 мың теңге тұратын телефон алып, ақшасын қайтармай қойған. Қолхатын жазған шенеунік бір айда қымбат смартфонның қаржысын беруге уәде еткен екен. Бірақ байланыс үзіп, күнде ертеңмен уақыт өткізген көрінеді. Бұған ашуланған дүкен директоры әкімнің атына арызбен шыққан. Жалпы Жамбылдық атқамінерлерлердің тұрмыстық техникаларға тапсырыс беруі қоғам қарсылығын тудырып отыр. Мәселен облыс әкімшілігі ауқаттанауға ас үй пешін алдыртқан. Мемлекеттік сатып алу порталымен алынған тұрмыстық техникалар тізімінде газ плитадан бөлек, планшет пен телевизорлар да бар. Тақырыпты әріптесім Нұрадин Рақай жалғастырады. Жамбыл облысының шенеуніктері тұрмыстық техника десе делебесі қозардай. Қалай да амалын тауып алғанын білмей қалардай. Мәселен Тараз қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айдын Алтай сауда орнынан қарызға смартфон алады. Алайда алты ай өтсе де ақшасын қайтармайды. Сауда дүкенінің басшысы амалсыз әкімге арыз жазады. Ал соңғы үлгідегі бренд телефонды қолхатпен алған шенеунік тауарды кімге, қалай, не үшін алғанын айта алмады.

АЙДЫН АЛТАЙ, Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

– Алу керек болды. Вообщем. Екі ортада мен қысылып қалдым ғой.

-Кімге алдыңыздар оны?

-Енді ол айтылмайтын нәрсе ол.

-Үлкен бастықтарға сыйлық емес пе?

-Жо-жо-жоқ. Білдей кәсіпкерлік бөлім басшысының балалығын әкесіндей әкімге арызданған сауда үйі ақыры телефонның ақшасын төлетті. Ал мемлекеттің қаржысына атқамінерлердің ас үй пешін алдыруы қоғам қарсылығын тудырды. Бағасы 1 миллион теңгеге жуық қаржыны құрайтын тұрмыстық техника қандай қажеттілік үшін дейді желідегі жұрт. Бұдан бөлек 2 миллион теңге болатын бес планшет, 4 миллион теңгелік теледидар да күдік тудырып отыр.

ИСЛАМБЕК ДАСТАН, Қоғам белсендісі:

– 4 млн-ға led экран алады. Ал ол деген мемлекеттік саясатты осы led экранмен жүргіземін дей ме? Тараз қаласында қаншама led экрандардың орындары тұр ғой. Одан кейінгі қызығы газ плита. Әкімшілікке газ плитаның керегі неде? Самса пісіру үшін бе? Ас үй пешін аттай қалап алдыртудың мақсатын аппарат басшысынан сұрадық.

МӘДИ МӘТЕН, Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат басшысы:

– Мен солардан анықтайын шын мәнісін. Естіген жоқпын. Кері байланыста ресми береміз. Егер де мемлекеттік сатып алу заңдылықтарымен сәйкес алынған дүние болса, жасырып, жабатын ештеңесі жоқ. Ал әкімнің баспасөз хатшысы алынған пеш әкімдікте ауқаттану үшін қажет екенін айтып ағынан жарылды. Маңызды істермен айналысатын мамандар түстенуге уақыт жоғалтпас үшін осылай істепті.

ДАНИЯР АСҚАРҰЛЫ, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Газ плита. Әкімдікте 150-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Барлығы үйлеріне барып келуге түстенуге уақыт тапшы болып жатады. Сондықтан осында бізде асханамыз бар. Қазір тапсырыс берілген тұрмыстық техникалардың ішінде газ плитаның жеңімпазы анықталған.

Ақжағалылар ас үй пешінің алдымен келуін асыға күтіп отыр. Ал қалған планшет сияқты техникалар әкімнің жұмысын жарнамалауға керек деп тауыпты.

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты