• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде кешенді зерттеу басталды

28.03.2023
0
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде кешенді зерттеу басталды
196
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте Түркістан қаласына рухани және тарихи астана мәртебесін беру және Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Түркі мәдениетінің бесігі – Түркістанға ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Себебі ежелгі қаланың аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандары, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Бұл маңызды мәртебе Түркістанның тарихи бөлігінің ауқымын сақтап қалуды, қала құрылысы барысында, тиісті ережелерді ұстануды көздейді. Сондай-ақ ластанудың және стихиялық урбанизацияның алдын алады. Естеріңізге сала кетейік, қаланы түркі әлемінің халықаралық туризм және зиярат ету орталығына айналдыру жоспарланып отыр.

Ерекше мәртебе беру үшін бірқатар заңдар мен кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Түзетулер Түркістан қаласының әкімдігіне туристік саланы дамыту бойынша құзырет беруге, қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға, сәулет келбетін қалыптастыруға, сәулет-қала құрылысы тәртібінің сақталуына және тарихи-мәдени мұра нысандарын есепке алу, сақтау және зерделеу жөнінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Вице-премьер, бұл мәселені орталық органдармен және қала әкімдігімен талқылауды қорытындылай келе, Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң шығару жұмысын жеделдету қажеттігіне баса назар аударды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістанға сапарының қорытындысы бойынша тағы бір тапсырмасы Қазақстанның бірегей архитектуралық-тарихи кешені – XIV ғасырға жататын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау болды.

2021 жылы «Қазреставрация» қызметкерлері кесененің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізді. Содан кейін ол қанағаттанарлық деп бағаланды. Дегенмен температура мен ылғалдың маусымдық өзгеруі тарихи ғимаратқа кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ дренаждық ұңғымалар арқылы өтетін жерасты суларының да қаупі бар.

Айта кету керек, кесененің жағдайы Дүниежүзілік мұра комитеті сессиясының күн тәртібінде және 2023 жылдың қыркүйегінде Эр-Риядта қайта қаралады.

Ескерткішті сақтау үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруімен зерттеу жұмыстарының кешенді бағдарламасын іске асыру басталды, 2023 жылы реставраторларды, экологтарды, геологтарды және басқа да мамандарды тарта отырып жүргізіледі.

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – бірегей сәулет ескерткіші. Оны ұрпақ үшін бастапқы күйінде сақтау күрделі, бірақ орындалатын мәселе. Ол үшін ғылыми білімді, қалпына келтіру бойынша әлемдік тәжірибе мен заманауи техникалық жетістіктерді пайдалану қажет», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау мәселесін талқылау қорытындысы бойынша Түркістан облысының әкімдігіне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ескерткішке жақын жерде абаттандыру жобаларын іске асыру кезінде тарихи ғимаратқа зиян келтірмеу үшін ылғалдың оңтайлы деңгейін сақтау тапсырылды. Сонымен қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сарапшыларды тарту мәселесі өзекті болып қала береді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

13.05.2025
Түркияда «Астана LRT» бұрынғы басшысы ұсталды — ҰҚК

Түркияда «Астана LRT» бұрынғы басшысы ұсталды — ҰҚК

13.05.2025
Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтарбай Өтелбаев атындағы «Ойлан, тап!» республикалық математика олимпиадасы басталды

Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтарбай Өтелбаев атындағы «Ойлан, тап!» республикалық математика олимпиадасы басталды

13.05.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары жемқорлық үшін сотталды

12.05.2025
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

12.05.2025
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский