• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қала жаңалықтары

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫНА  ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

13.03.2023
0
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫНА   ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
110
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ағымдағы жылдың 6 наурызы күні газдан уланған бүтін бір отбасын ажалдан құтқарып қалған №22 орта мектеп мұғалімдерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. 

– Өз өмірін қатерге тігіп, көмек қолын созуға ұмтылатын жандар қашанда мақтауға тұрарлық. Түрлі оқыс оқиғаларда төнген қауіпке қарамастан, өзгенің өмірін құтқарып қалған азаматтарға айтар алғыс, көрсетілетін құрмет шексіз. Мұндай ерлік екінің бірінің қолынан келмейді. Сіздер бейбіт күннің батырысыздар. Бұл сіздердің өз жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарап, әр баланың тағдырына алаңдайтын жанашырлықтарыңызды білдіреді. Осы арқылы сіздер тек мектептің ғана емес,  тұтас ұстаз дейтін ұлы мамандықтың абыройын көтеріп, беделін биіктеттіңіздер. Бұл сіздердің өз мамандықтарыңызды сүйетіндіктеріңіздің, құрметтейтіндіктеріңіздің  айғағы. Осы ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа үлкен үлгі, мол тағылым. Баршаңызға батылдық пен қырағылықтарыңыз үшін алғыс білдіре отырып,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деген шаһар басшысы бейбіт күннің батырларына арнайы дайындалған  сый-сияпаттар ұсынды. 

Өз кезегінде  бейбіт күннің батырлары оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып, қала әкіміне ризашылықтарын жеткізді. 

Айта кетейік, 6 наурыз күні №22 орта мектептің 2-сынып оқушысы Бекжан Бақытжанұлы сабаққа келмегендіктен, мектеп әкімшілігі ата-анасына хабарласқан. Алайда олардың да сол күні жұмысқа шықпағаны және №10 орта мектепте білім алатын сол отбасының 2 баласының да сабаққа бармағаны белгілі болады. Мектеп әкімшілігі  мән-жайды анықтау мақсатында оқушылардың үйіне директордың құқық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Есельбаева, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аида Есенаманова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Исмаилов және мектеп полиция инспекторы Әлішер Ермековті жібереді. Олар үйге барған соң терезеден қимылсыз жатқан 5 адамды байқайды. Сол арада бірден әрекетке көшіп, бесеуін де далаға алып шығып, иісі қолқаны қапқан газ құрылғысын өшіреді. Соның арқасында бүтін бір отбасы ажал тырнағынан аман қалды. 

Газдан уланған отбасы мүшелері стационарлық мекемеде тиісті ем қабылдады. Бүгінде жағдайлары тұрақты. Дәрігерлердің мәліметінше, бүгін үйлеріне шығарылады.

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты