• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Биыл 54 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады

28.02.2023
0
Биыл 54 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады
80
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өткен жылы облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы барлық көрсеткіштер мен индикаторлар толық орындалған. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жан-жақты айтылды.

Басқосуда алдымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев мемлекеттік қызметтің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Ол жергілікті атқарушы органдардың кадрлық жағдайы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылау нәтижелері, әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындылары, көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша көрсеткіштер мен өзекті мәселелерді хабарлады.

Сондай-ақ, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков кадрлық саясат туралы қысқаша тоқталып, Жамбыл облысында меритократия қағидатымен 160 мемлекеттік қызметшінің лауазымы жоғарылағанын атап өтті.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілер барлық жағынан басқаларға үлгі болып, тәртіп, заңнаманы сақтауға, өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы орындауға айрықша назар аудару керектігін баса айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов сөз алып, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саласында атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жоспарларды тілге тиек етті.  Оның айтуынша, ағымдағы жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 54 156 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады деп жоспарланған. Осы бағдарламаға 13,7 млрд. теңге қаралса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,3 млрд.теңгеге артқан.

Жыл басынан бері 5782 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жоспардың 10,7 пайызы орындалған.

— Облыстың өңірлік жұмыспен қамту картасы дайындалып, соған сәйкес  биыл 67 968 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда қайтарымсыз гранттар да белсенді шаралардың ең тиімді құралдарының бірі болып отыр. Ағымдағы жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 1054 адамға жалпы 1454,5 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып отыр. Грант қаржысы облыстағы өзекті кәсіпкерлік бағыттары бойынша берілетін болады. Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен 347 адамға 1735,0 млн. теңге көлемінде шағын несие беру көзделуде,-деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі кейбір көрсеткіштері төмен аудандардың әкімдерінен жауаптар алып, индикатордың орындалуын, қаралған қаржының сапалы игерілуін қамтамасыз ету керектігін ескертті.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов жауаптыларға отбасылық цифрлық картаны әзірлеу шараларын 22 наурызға дейін аяқтауды тапсырып, оның әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығын атап өтті.

Жиын қорытындысымен басқарма мен аудан басшылықтарына нақты міндеттер жүктелді.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский