• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Әлихан Смайылов Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесін шешуді талап етті

22.02.2023
0
Әлихан Смайылов Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесін шешуді талап етті
117
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер -Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның елді мекендерін газдандыру барысы қаралды.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандырудың жалпы деңгейі халықтың жалпы санының 59%-ын құрады немесе 11,6 млн адам газға қол жеткізді. Биыл 76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған, бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60% деңгейінде болады деп күтілуде.

Министрдің айтуынша, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыру ұсынылады. Еліміздің шығыс өңірлерін газдандыру үшін Энергетика министрлігі екі нұсқаны қарастыруда: «Қостанай – Астана – Павлодар – Семей – Өскемен» бағыты бойынша газ құбырын салу және Газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Ресей Федерациясынан газ импорттау.

Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың өсуі аясында ресурстық базаны ұлғайту бойынша бірқатар жүйелі шара қабылданып жатыр. Оған қоса, азаматтарды газ желілеріне қосу үшін кедергілерді жою жөнінде жұмыстар жүргізілуде: қажетті құжаттар саны азайтылды, газға қосылу процесін автоматтандыру үшін электрондық алаң енгізілуде және т. б.

Өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баяндады.

Премьер-Министр бүкіл әлемде жыл сайын экологиялық таза энергия ресурстарына, ең алдымен газға сұраныс артып келетінін атап өтті. Демографиялық өсуді, өнеркәсіптік объектілердің іске қосылуын және жеке секторды газдандыруды ескерсек, Қазақстанда да бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Мәселен, егер 2020 жылы газды тұтыну көлемі шамамен 17 млрд текше метрді құраса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19 млрд, ал биыл 20 млрд текше метр болады деп күтілуде.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы елді газдандыруды 60%-ға жеткізу жөнінде міндет қойғанын еске салды. Жалпы «көгілдір отынға» 11,8 млн-нан астам тұрғыны бар 1 800-ден астам елді мекен қосылуы тиіс.

«Бұл тапсырманы Энергетика министрлігі, “ҚазМұнайГаз” және “QazaqGaz” компаниялары мен әкімдер толық көлемде орындауы тиіс», — деді Премьер-Министр.

Оған қоса Үкімет басшысы 2019 жылы салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының бойында тиісті инфрақұрылым тартылып, қажетті іске қосу кешендері орнатылғанын айтты. Алайда Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарын көптен күткен газға қосу қарқыны өте төмен деңгейде қалып отыр.

«Бұл өңірлердің тұрғындары газ тарату желілері жоқ, рұқсат құжаттарын алу қиын және газға қосылу қымбат деп шағымданады. Бұл осы өңірлерге ғана емес, сонымен қатар газбен қамтылған басқа өңірлерге де қатысты», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы мысал ретінде Алматы облысының Биғаш ауылында тұрғындарға газ өткізуге 10 жыл бойы уәде беріліп келгенін айтты. Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Алшалы ауылының тұрғындары да бірнеше жылдан бері көгілдір отын күтіп жүр.

Үкімет басшысы мысал ретінде Алматы облысының Биғаш ауылында тұрғындарға газ өткізуге 10 жыл бойы уәде беріліп келгенін айтты. Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Алшалы ауылының тұрғындары да бірнеше жылдан бері көгілдір отын күтіп жүр.

Үкімет басшысының айтуынша, Батыс Қазақстан облысының Зеленое ауылында (Орал қаласынан 5 км) газ 2014 жылы өткізілген, бірақ осы күнге дейін әкімшілік ғимараттар ғана қосылған.

«Ауылдық елді мекендерден басқа, қалаларда да халықты газбен қамтамасыз етуде проблемалар бар. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар, Астана әлі де “көк түтінге көміліп”, ауаның ластану деңгейі бойынша әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Алматыда 2-ші ЖЭО-да жаңа бу-газ қондырғысын салу мерзімі кейінге шегерілуде. Өңір әкімдері мен “QazaqGaz” компаниясына осы мәселелерді ерекше бақылауға алу керек», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесіне нүкте қоятын уақыт жеткенін айтты. Сондықтан Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 1 мамырға дейін түпкілікті шешім дайындауы қажет.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, газ инфрақұрылымының әбден тозуы да – маңызды мәселе.

«Жылу желілері әбден тозып-біткен Екібастұз бен Рудныйдағы жағдайды бәріңіз көріп отырсыздар. Ал газ желілеріне қысым өте жоғары, сондықтан қауіп те жоғары. Магистральдық газ құбырларының басым бөлігі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған және қомақты қаражатты қажет етеді», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы Энергетика, Төтенше жағдайлар министрліктері, әкімдер мен «QazaqGaz» тарапынан бақылау тұрақты болуы тиіс, ал газ инфрақұрылымын жаңғырту және уақытылы жөндеу жұмыстарына басымдық берілуі керек екенін қоса айтты.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты