• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда АӨК саласында 2030 жылға дейін 1,7 мыңнан астам жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

turan_admin turan_admin
01.02.2023, 15:51
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда АӨК саласында 2030 жылға дейін 1,7 мыңнан астам жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда
153
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының өзектендірілген жобасы қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құжаттың алдағы жылдары отандық агроөнеркәсіптік кешені саласына әсер ететін жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, сондай-ақ бизнес пен сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленгенін атап өтті.

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері: салада еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 3 есеге ұлғайту, сондай-ақ барлық азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуді кемінде 90%-ға жеткізу. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін орта есеппен 2,5 есеге арттыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, тұқым сатып алуды субсидиялау және тұқым шаруашылықтарын жаңғырту есебінен бидай өнімділігін 20 ц/га дейін арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Суармалы жерлер аумағын аталған мерзімде 3 млн гектарға, ал минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 40%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны жеңілдікті лизинг пен басқа да мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 7%-ға жетуі тиіс.

«Осы индикаторларға қол жеткізу үшін дара дақылды егістен бас тартып, ғылыми негізделген ауыспалы егістерді сақтау, сондай-ақ өндіріске заманауи ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу қажет. Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар әзірленіп жатыр, оның аясында ғылыми ұйымдарды селекцияның заманауи әдістеріне көшіру жұмыстары басталды. Тұқым шаруашылықтарының үйлесімді жүйесі құрылуда, оның негізгі субъектілері біздің ҰАҒБО ғылыми және тәжірибелік шаруашылықтары болады», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Жер ресурстарын басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу, учаскелерді ресімдеу процесін автоматтандыру, сондай-ақ пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және айналымға тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру көзделген.

Мал шаруашылығында селекцияның заманауи әдістерін енгізуге, жемшөп өндірісін ынталандыруға, жайылым инфрақұрылымын дамытуға және жалпы ауыл шаруашылығы жануарларының санын көбейтуге баса назар аударылады.

Отандық өнім экспортының көлемін арттыру мақсатында шетелдік жеткізушілер тізілімдерінде қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл экспортты $9,9 млрд-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығының барлық салаларында жалпы құны 4,5 трлн теңгені құрайтын 1,7 мыңнан астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделген, бұл республиканың экспорттық әлеуетін едәуір арттырады.

Аграрлық ғылымға келетін болсақ, өндіріске қолданбалы әзірлемелерді енгізумен және оларды коммерцияландырумен байланысты проблемаларды шешу, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесі бойынша білімді таратудың заманауи ұлттық жүйесін құру жоспарлануда.

«Аграрлық ғылымды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту, жас ғалымдар үшін салалық гранттық қаржыландыруды енгізу көзделіп отыр. Нәтижесінде АӨК-те енгізілген ғылыми әзірлемелердің үлесі 14,5%-дан 40%-ға дейін ұлғаюы тиіс», — деді Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, Тұжырымдаманы іске асыру ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен молайтуға, 70 мыңға жуық шаруашылық пен шамамен 400 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.