• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:03
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Елімізде жер қойнауын игеру саласында лицензия алу тәртібі жеңілдейді

turan_admin turan_admin
20.12.2022, 22:23
Қазақстан жаңалықтары
Елімізде жер қойнауын игеру саласында лицензия алу тәртібі жеңілдейді
107
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында Геология саласын дамыту тұжырымдамасы аясында еліміздегі пайдалы ресурстарды игеруге жаңа инвестицияларды тартуға арналған шаралар туралы айтып берді.

Ведомство басшысының айтуынша, 2017 жылы жер қойнауын игеру саласында жүргізілген заңнамалық өзгеріс жаңа кен орындарын ашуға және бұл бағытта инвестицияларды тартуға оң әсер етті. Атап айтқанда, «бірінші өтінім» қағидаты бойынша лицензиялар берудің жалпы тәртібі енгізіліп, Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы қабылданды, сондай-ақ лицензия беру мерзімі қысқартылып, халықаралық есептілік стандарттарына (KAZRC кодексіне) көшу бекітілді.

Мәселен, қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстанда геологиялық барлаумен айналысатын 700-ден аса юниор компания құрылып, Rio Tinto, Fortescue және «Йылдырым» сынды әлемдік нарықтағы ірі холдингтер елімізге тартылды.

Қайырбек Өскенбаев 2018 жылдан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға 1 мың 922 лицензия берілгенін, сондай-ақ кіші (юниор) компаниялардың үлесі 90%-дан асқанын жеткізді. Әйтсе де бұл амалдарға қарамастан аталған саланың тиімді дамуын тежеп тұрған факторлар да бар дейді ИИДМ басшысы. Сол себепті еліміздің аумағындағы жер қойнауын игеруге арналған 1,4 млн шаршы шақырымдай учаскенің тек 5% пайызы ғана лицензияланған.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқандай, жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін тиісті заңнама мен белгіленген тәртіпті барынша оңтайландыру қажет. Сондықтан Геология салаcын дамыту тұжырымдамасы арқылы жер қойнауын пайдалану бағытында лицензия алу жөніндегі тәртіпті барынша жеңілдетіп, инвесторлар мен уәкілетті органдардың арасындағы бизнес-процесті автоматтандыру, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге лицензия беру процесінің «ашықтығын» қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс қазір қолға алынды», деді Қ.Өскенбаев.

Сонымен қатар министр биыл қараша айынан бастап minerals.gov.kz жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында қанатқақты режімде лицензия беру модулі іске қосылғанын атап өтті. Бұған қоса электронды хабарламалар бойынша арнайы функцияның жұмысы жолға қойылып, барлауға арналған учаскелерге байланысты электронды аукциондарды өткізу процесі автоматтандырылды (e-qazyna.kz -Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы). Тағы бір айта кетерлігі, аукцион жеңімпазы лицензия берілгенге дейін қол қою бонусын төлеу тиіс. Қажетті сома төленбеген жағдайда оған санкция қолданылуы мүмкін. Бұл алғаш рет енгізіліп отырған тетік.

Бұдан басқа «өндіру» учаскелерінде аукционды автоматтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды (іске асыру мерзімі 2023 жылғы 1 тоқсан). Осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру үшін қажетті рәсімдерді автоматтандырып, оңтайландыру бөлігінде Жер қойнауы туралы кодекске түзетулер пакетін енгізу көзделіп отыр.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.