• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауды еске салады

turan_admin turan_admin
09.11.2022, 16:56
Қазақстан жаңалықтары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауды еске салады
129
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ағымдағы эпидемиялық маусымда вирустың үш штаммы өзекті — A(H1N1), A(H3N2) және B, олар вакцинаның құрамына енгізілген, деп хабарлады ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рахымжанова.

Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларын мониторингтеу жыл сайын 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жүргізіледі. Ағымдағы эпидемиялық маусымның басынан бастап (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) 1 027 000 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл ретте СЭБК басшысы орынбасарының айтуы бойынша республикадағы сырқаттанушылық өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгейде.

«Тұмаудың 865 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 341. Қазақстанда тұмаудан басқа тұмауға ұқсас вирустар да таралуда. Басқа тұмауға ұқсас инфекцияларға 2292 сынама тексерілді, оның ішінде 341 сынамада (14,8%) оң нәтиже анықталды, оның ішінде риновирус – 124, РС вирус – 97, парагрипп – 35, коронавирус – 32, аденовирус – 32, бокавирус – 15, метапневмовирус – 6» — атап өтті Марал Рахымжанова.

Ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ағымдағы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ зертханалардың тұмауға және басқа ЖРВИ-ге зертханалық зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді.

М.Рахымжанова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация деп атап өтті. Ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн. дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штаммдар бар. Бұл жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіш – кемінде 10%.

Сонымен қатар, ол халықтың осал топтары: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары; эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен егіледі деп толықтырды.

Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136 575 адам немесе жалпы республика халқының 11,3%-ы егілді, оның ішінде: жергілікті бюджет қаражатынан – 2 054 220 адам (96,1%); жұмыс берушілер есебінен – 51 653 адам (2,4%); ақылы негізде – 30 702 адам (1,5%).

Комитет өкілінің ақпараты бойынша вакцинация алғандар арасында: 14 жасқа дейінгі балалар – 468 579 (22%), ересек адамдар – 1 667 772 адам (78%). Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Спикер тұмау кенеттен басталып, температура күрт жоғарылайтынын еске салды. Дененің айқын интоксикациясы байқалады, қалтырау, адинамия, бұлшықеттің және бастың ауыруы, дененің сырқырауы, кеуде тұсы ауырып, құрғақ жөтел сияқты белгілері болады.

Аурудың алдын алу үшін мынадай профилактика шараларын сақтау ұсынылады: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып,  дезинфекциялық режимді күшейту; қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау;  ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдастырылған ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу керек; медициналық көмекке уақтылы жүгіну керек.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.