• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлихан Смайылов төтенше жағдайларға дайындықты толық тексеруді тапсырды

turan_admin turan_admin
09.09.2022, 08:14
Қазақстан жаңалықтары
Әлихан Смайылов төтенше жағдайларға дайындықты толық тексеруді тапсырды
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай және басқа облыстардағы табиғи өрттердің салдарын жою, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері жөніндегі кеңес өткізді.

ТЖМ басшысы Юрий Ильин бүгінгі таңда Қостанай облысындағы өртке байланысты күрделі ахуал тұрақтанғанын айтты. Министрдің сөзінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қызыл жалынның беті қайтты, жеке оқшауланған аймақтардағы өрт сөндіріліп жатыр. Бүгінгі таңда эвакуацияланған азаматтардың көбі үйлеріне оралды. Сонымен қатар бірқатар басқа өңірде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, бұл жұмысқа ТЖМ мен әкімдіктер күштері мен қаражаты жұмылдырылды.

Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдардың төтенше жағдайларға дайындығына толық тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Қостанай облысындағы өрт азаматтық қорғау органдарын, табиғатты қорғау және орман мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін жедел шешіп, хабарландыру жүйесін жаңғырту қажеттігін көрсетті», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр барлық өңірлердегі азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көбейту және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлерге сыйақы беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Үкімет басшысының ойынша, жауапты мемлекеттік органдар ірі ТЖ жою кезіндегі әрекет пен өзара іс-қимыл алгоритмдерін қайта қарауы қажет.

«Облыстағы өрт кезінде жауапты лауазымды тұлғалар тиісінше және уақытылы әрекет етпеді. Осы жағдай бойынша қорытынды жасау керек. Кінәлілер жазалануы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Әулиекөл ауылында баспанасыз қалған азаматтарға арнап 91 жаңа үй салу үшін 12 га жер учаскесі бөлінгенін хабарлады. Жалпы алаңы 100 шаршы метр болатын бір қабатты тұрғын үйлер салынады. Жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылым (су, газ, электрмен жабдықтау) және кірме жолдар салынады. 12 жергілікті мердігерлік ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.

«Қысқа дейін адамдар үйлеріне кіріп үлгеруі үшін бұл жұмысты жылдам аяқтау керек», — деді Әлихан Смайылов.

Одан бөлек, Премьер-Министр орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша ұсынысты қолдап, сондай-ақ орман алқабын қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.