• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚР АШМ басшысы асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамада қандай өзгерістер болатынын айтты

turan_admin turan_admin
09.09.2022, 08:10
Қазақстан жаңалықтары
ҚР АШМ басшысы асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамада қандай өзгерістер болатынын айтты
139
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сенаторларға асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамаға ұсынылатын түзетулер туралы айтып берді.

Заң жобасы селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттырып, асыл тұқымды мал басының санын арттыруы тиіс.

«Біріншіден, уәкілетті органның құзыретін кеңейту көзделіп отыр. Атап айтқанда, 13-бапта уәкілетті органның құзыреті жануарларды индекстік бағалауды жүргізу ережелерін әзірлеу және бекіту, жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту және геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу функциясымен толықтырылады», — деді Ербол Қарашөкеев.

Бұл мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін жедел арттыру мәселелерінде жұмыстың сапалы жаңа деңгейіне көшу үшін қажет.

«Бұдан бөлек, екінші — республикалық палаталардың өкілеттіктерін кеңейту және нақтылау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта бізде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу бойынша негізгі жұмыстар тиісті республикалық палаталарға берілді. Өткен жылдардың тәжірибесі олардың өкілеттіктерін одан әрі кеңейту және сол арқылы олардың неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажеттігін көрсетті. Атап айтқанда, республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс жиналысын шақыру мерзімдері және республикалық палата төрағасының өкілеттік мерзімдері заңнамалық деңгейде айқындалады», — деп қосты министр.

Бұдан басқа, республикалық палатаның атқарушы органына асыл тұқымды жануарлардың тізілімін жүргізу және асыл тұқымды малдың республикалық тізіліміне енгізу үшін оның деректерін уәкілетті органға ұсыну бойынша қосымша құзырет беріледі.

«Ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілеттіктері күшейтіледі. Атап айтқанда, оларға селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын жүргізу функциялары беріледі, сондай-ақ аталған ұйымдар уәкілетті органмен бірлесіп жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысатын болады», — деді ведомство басшысы.

Сонымен бірге жобада асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізудің ерекшеліктерін регламенттеу жоспарланып отыр.  Бұл норма ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес енгізіледі. Мемлекеттік бақылаудың бұл түрі субъектіге (объектіге) бармай-ақ бұзушылықтарды уақытылы болдырмауға және жол бермеуге мүмкіндік береді және ең бастысы бақылау субъектілеріне өз бетінше уәкілетті орган аңықтаған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік жасайды.

«Бұдан бөлек, құжатта «екінші санаттағы етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды» анықтау мәселесінде өз уақытында жіберілген олқылық түзетілді. Енді бұл санат үшін асыл тұқымды малдың куәліктерінде оның асыл тұқымын тек аталық қана емес, сонымен қатар аналық жағынан да көрсету талабы қойылады», — деді министр Қарашөкеев.

Сондай-ақ, аталған заң жобасы АӨК дамытуды және биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізуді көздейді. «Биоэтанол» ұғымын кеңейту ұсынылады, бұл өндірілетін өнімді бензинге арналған қоспа ретінде ғана емес, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру үшін де өткізуге мүмкіндік береді. Бұл қайта өңдеушілердің өнімді өткізу бойынша мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, бұл өз кезегінде өндірістің ұлғаюына және саланың дамуына әкеледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.