Қала прокуратурасы кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың заңдылығын тексерді.
Төтенше жағдайлар органдары ауырлататын мән-жайлардың болмауына қарамастан, бизнес субъектілеріне ескертудің орнына заңсыз айыппұл салынғаны анықталды.
Тек биылғы жылдың өзінде бақылаушы органымен 97 кәсіпкерге қатысты айыппұл түріндегі жаза негізсіз қолданылған.
Қадағалау актісі бойынша бұл заңсыз практика тоқтатылды.
Дереккөз-Нұр-Сұлтан қ. прокуратурасы