Жамбыл облысынада ономастикалық атауларға толық мониторинг жүргізілген. Бұл туралы Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыста 5718 физикалық-географиялық бірлік және оның құрамдас бөліктері (374 елді мекен, 5344 көше) бар.5344 көше атауларының 739 (14%) – жер-су атымен, 1190-ы (22%) – дәстүрлі атаулар,3415-і (64%) кісі есімімен аталады.
Кісі есімімен аталатын көшелердің 1269-ы (37%) (көше, даңғыл, саябақ т.б.) ҚР Президенті Әкімшілігі ұсынған (2021 жылғы 2 қыркүйектегі №01/2967-И) «Тарихи тұлғалар» тізіміне сәйкес келеді.
Ономастикалық атауларға толық мониторинг жүргізілген. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктердің 11,4% өзгертуді қажет етеді (топонимикалық жүгі жоқ және аса танымал емес кісі есімдері). Мағынасы жағынан ескірген 9 елді мекен және 563 көше (оның 398-і дәстүрлі атаумен, 165 кісі есімімен аталғаны), 60 атауы жоқ жаңа көшелер, атауы қайталанатын 20 көше бар.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген ономастикалық атауларды қайта атау бойынша Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандарының әкімдіктері жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелерімен кездесулер өткізіліп. Оған 60 адам қамтылған.
Сонымен бірге, «Ономастиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының тұрғындары және ауылдық округ мамандарымен кездесулер өткізіліп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-5-бабы «Ономастика жұмысының критерийлері» түсіндірілді. Оған 180 адам қамтылған.
Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандарымен «Ономастика және көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамадағы тіл нормалары» атты семинар-кеңес өткізілген.
Есепті мерзімде 44 білім беру және мәдениет нысандарына атау берілді және қайта аталған. Тараз қаласының 37 көшесіне атау беру, қайта атау және облыстағы 5 елді мекенді қайта атау, транскрипциясын нақтылау жұмыстары жүргізіліп, бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулылары мен Жамбыл облыстық мәслихаттың шешімдерінің жобаларына алдын ала келісім алу үшін Әділет министрлігіне жолданған.
Тараз қаласының 81 көшесінің құжаттары ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауын ұсынылған.
Облыстық ономастика комиссиясының 1 отырысы өткізіліп, Байзақ ауданының 23, Қордай ауданының 1, Шу ауданының 46 көшелеріне атау беру, қайта атау және Шу ауданының 1 елді мекені атауының транскрипциясын нақтылау туралы ұсыныстары оң қорытынды алып, жұмыстар заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Тіл мәдениетін арттыру
Өңірде тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерін ынталандыру мақсатында жыл басынан түрлі форматтағы 198 іс-шара ұйымдастырылып, оған облыс бойынша 10000-ға жуық адам тартылған.
:Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл – достықтың тірегі» атты байқау, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Қазақ тілі – ғажап тіл» атты тіл фестивалі, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында эссе жазу акциясы, «А.Байтұрсынұлы оқулары – 2022», «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Тілім – тұырым» атты облыстық байқау, Д.Қонаевтың 110 жылдығына орай «Дана тұлға, дара тұлға» ашық сабақтар желісі, «Тіл – қарым-қатынастың алтын көпірі» және «А.Байтұрсынұлы: Тәуелсіздік және қазақ тілі» республикалық конференция, аудандарда «Если дружат люди – дружат языки» тақырыбында эссе жазу, Шу ауданында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамытудағы өзекті мәселелер» атты облыстық семинар-тренинг «Техникалық салада мемлекеттік тілдің қолдану деңгейін көтеру» тақырыбында семинар, жетілдірілген жаңа қазақ әліпбиін таныстыру, диакритикалық таңбалардың жазылу емлесін түсіндіру, азаматтардың тегі мен есімдерін жаңа әліпбидегі таңбалармен дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру аясында «Latynşa oqy, jaz» семинарлар сериясы, «Қазақшаң қалай, балақай?» атты акция өткізілген.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттандыру мақсатында республикалық БАҚ-та 6 материал (оның ішінде: газетте-3, телеарнада-2, ақпараттық порталда-1), ал облыстық БАҚ-та 39 материал (оның ішінде: газеттерде-32, телеарналарда-3, ақпараттық агенттіктерде-4), аудандық және қалалық БАҚ 96 материал, әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда 1302 матерал жарияланып. Жалпы 1443 материал жарық көрген.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысымен дайындалды
Жатқанбай Әділет