Тараз қаласы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыс Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Азаматтық қоғамды нығайту бойынша қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу» атты мемлекеттік грант аясында «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ мен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өткізілді.
Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Гүлбара Бекмурзаева, Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің маманы Ардақ Нұрышев, Байзақ ауданы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің маманы Лесбек Майлыбай, Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округ әкімінің орынбасары Толқынай Байділдаева, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Смайлов, Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің қоғамдастық мүшесі, «Асқақ рух еркін ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Берік Қалиев, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жоба бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге арналған шағын гранттарының жеңімпаздары Еркін Әбдиев пен Әділет Жатқанбай және «Сұңқар» волонтерлік қозғалысы мүшелері қатысты.
Шарада бес мәселе қаралды. Олар. «Германияда азаматтардың аймақтық деңгейде шешім қабылдауға қатысуы», «Ауылдық аймақтағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері, Ботамойнақ ауылдық округінің 2022-2024 ж.ж. арналған даму жоспары туралы», «Облысымыздағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жолдары», Тараз қаласындағы «Халық қатысатын бюджет туралы», «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жоба бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге арналған шағын гранттарының жеңімпаздарының жобаларын талқылау мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшесі Исламбек Дастан 18-27 маусым аралығында «Германияда азаматтардың аймақтық деңгейде шешім қабылдауға қатысуы» Германия Федеративтік еліндегі жұмыс сапарындағы оң тәжірибелері туралы ой бөлісті. Жұмыс сапар USAID пен ABA ROLI ұйымдардың ұйытқы болуымен жүзеге асты.
Екінші мәселе бойынша Толқынай Байділдаева сөз алып, даму жоспардың қозғалыссыз тұрғандығы және төртінші деңгейлі бюджеттің көтере алмайтындығы туралы жеткізді. Осы даму жоспарын негіздеме ретінде облыстық даму индикаторларына ұсыныс берілетін болды.
Үшінші мәселе бойынша Гүлбара Бекмурзаева баяндама жасады. Ал, төртінші мәселе Ардақ Нұрышев қала тұрғындарының белсендігі төмен, дауыс беру жәй жүруде пікірін айтты. Бесінші мәселе бойынша шағын грант жеңімпаздары Еркін Әбдиев пен Әділет Жатқанбай сөз жобалары туралы айтты.
Отырыс соңында мүдделі органдарға ұсынымдар жолданатын болады.
TURANINFO.KZ