Республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына 18 адам кірді, оның ішінде ҚР АШМ үш өкілі: Министр Ербол Қарашөкеев, вице — министр Рүстем Құрманов, қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Дархан Жұмаділов, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспанов, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев және азаматтық қоғамнан 13 мүше: Ермек Әбуов, Теміржан Айтбаев, Анас Баққожаев, Мырзахмет Өксікбаев, Бақыт Атайбеков, Кинталь Исламов, Игорь Жабяк, Ерлан Алпысов, Бауыржан Бақшилов, Ержан Биекенов, Айдар Нығметов, Геннадий Зенченко, Мақсат Толықбай.
Сондай-ақ, конкурс аясында Қоғамдық кеңес құрамына 5 кандидаттан тұратын резервтік тізім анықталды: Ғабиден Балғынбеков, Айдын Байеділов, Равиль Мингазов, Ахмедияр Айтбаев, Майраш Имантаева.
Жұмыс тобы отырысының хаттамасы (2022 жылғы 22 шілдедегі №2 хаттамасы) және Министрліктің бұйрығы (2022 жылғы 27 шілдедегі №239 бұйрығы) Министрліктің ресми сайтында жарияланды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/330051?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/330052?lang=kk