«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде ақпараттық саясатты жүргізу бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2022 жылдың алты айында атқарылған жұмыстар бойынша толық ақпарат пен фото-видео материалдарды ұсынуды сұраған болатын.
Нәтижесінде төмендегідей жауап келді:
ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрама командасы әуесқойлар футбол лигасының футзалдан чемпионатында жеңімпаз атанды. 01.12.2021ж — 07.03.2022ж аралығында Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облысы әуесқойлар футбол лигасының футзалдан кезекті ХІ чемпионаты өткізілді. Нәтижесінде «ҰҚК Жамбыл облысы бойынша Департаменті» құрама командасы 1-орынды иеленді.
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің командасы қоян-қолтық ұрыстан облыстық чемпионатында 2-орын алды.
Ағымдағы жылдың 2-3 сәуір аралығында Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің спорт залында Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан Жамбыл облысы чемпионаты өтті. Тараз қаласында өткен Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан Жамбыл облысы чемпионатының басты мақсаты: құқық қорғау органдары және құрылымдық күштері қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады. Аталған жарысқа облыс аумағынан 15-ке жуық команда қатысып, нәтижесінде, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті командасы 2-орынға ие болды.
ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрама командасы волейболдан 2-ші орынды иеленді. Ағымдағы жылдың наурыз айының 26 күні Тараз қаласында «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысы құқық қорғау органдары және күш құрылымдар арасында Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай және қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған волейболдан облыстық турнирде ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрама командасы 2-ші орынға ие болды.
ҰҚК органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, 30 түп ағаш көшеттер «Бейбіт күннің батырлары» мемориалы маңында отырғызылды және де тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі бастама жаңадан келген жас қызметкерлердің қызмет орнында ағаштай жайқалып, тамырын тереңге салып, айналасына көлеңкесін түсіретіндей сая болып, келешек ұрпаққа өнеге танытсын деген мақсатта ұйымдастырылған болатын. Акцияға бастама жасаған кадрлар бөліміне ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығы полковник Н.Қ. Кәрібжанов пен департамент бастығының орынбасары ұлттық қауісіздік полковнигі А.А. Абдрахманов қолдау білдіріп, жас қызметкерлерге үлгі болды.
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті ашық есік күнін өткізді. Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні ҰҚК қызметіне және ҰҚК Академиясына үміткерлерге және ата анасының қызмет жолын жалғастырғысы келетін 15-23 жас аралығындағы департамент қызметкерлерінің балаларын шақырып, аумақтық ҰҚК ардагерлерінің қатысуымен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты ашық есік күні өткізілді.
ҰҚК органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай,ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультативтік-кеңесші органының, басшы және жеке құрамының шешімдерімен әр тоқсан сайын балалар үйіне көмек беру жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 22 сәуір айында бекітілген бөлімдер мен бөлімшелер өзара ұйымдасып, Тараз қаласында орналасқан «Үміт» балалар үйіне және «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында департамент қызметкерлері тарапынан материалдық (ірі көлемдегі ойыншықтар, балалар машинасы, коляскалар т.б.) көмек берілді. «Орамал – тон болмайды, жол болады» демекші, жасалған сыйлыққа балалар үйінің ұжымы да, балалар да қуанып, шын жүректерінен алғыс білдірді. «Донор болу – ерлікке тең» Ү.ж. 14 маусымында дүние жүзілік донорлар күніне орай, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментімен «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасының аясында Департамент жеке құрамының ат салысуымен «Қан тапсыр – адам өмірін сақтап қал» атты шарасы өткізілді. «Мен – Қазақстанның болашағымын» атты сурет байқауының өткізілгендігі туралы 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты меркелерінің бірі. Балаларға қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күнде емес, әрқашан үлкендердің назарында екені анық. Осы орайда 1 маусым күні ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінде «Мен – Қазақстанның болашағымын» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауда жеке құрамның ұл-қыздарының шығармашылығы таныстырылды. Сурет байқауына қатысқан бүлдіршіндерге арнайы дайындалған сыйлықтар департаменттің консультативтік-кеңесші органының қолдауымен табысталды.
ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрама командасы футболдан жеңімпаз атанды. 23.06.2022 жылы Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай, Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында «Динамо» спорт кешенінде футболдан турнир өтті. Турнирге 11 команда қатысты қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің командасы жеңіске жетті. «Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылуына 30 жыл» қарсаңында өткізілген облыстық турнир туралы 2022 жылдың 25 маусымында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылуына 30 жыл толуы қарсаңында Жамбыл облысы бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдары арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Турнирге 12 команда қатысып, спорттық шеберлігін көрсетсе, Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменттерінің ардагерлер командасы өзара жолдастық кездесу өткізді. Жарысқа жан-жақты дайындығы бар спортшылар қатысып, жоғары кәсіби деңгейде ойын көрсетті. Өткізілген турнир құқық қорғау және мемлекеттік органдары қызметкерлерінің спорттық, дене шынықтыру және жауынгерлік шеберлік деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұқаралық спорттың дамуы жеке құрам мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы берік достық қарым-қатынастың орнауына бастама болды. Турнир қорытындысы бойынша ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті командасы жеңіске жетсе, екінші орынды ҚР Қарулы Күштерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бойынша басқармасының командасы, ал үшінші жүлделі орынды Тараз қалалық білім бөлімі командасы иеленді. Турнирде жеңімпаз атанған спортшылар мен түрлі номинациялар бойынша үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Спортшыларға сыйлықтар департаменттің консультативтік-кеңесші органының қолдауымен дайындалды.
Ақпарат «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ тапсырысымен дайындалды.