Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының 6-шы отырысы өтті.
Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының І вице-президенті Иса Габиббейли, Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов, Татарстан Ғылым академиясының президенті Мякзюм Салахов, Қырғызстан ғылым академиясының президум мүшелері мен белгілі ғалымдар қатысты.
Осы орайда отырысқа Өзбекстанның ТМҰ мүшесі ретінде қатысып отырғанын айта кету керек.
Пандемиядан кейін бас қосып отырған Одақ мүшелеріне Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ризашылығын білідіріп, күн тәртібімен таныстырды.
Жиын аясында Академия басшысы Д. Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаевты және Татарстан Ғылым академиясының президенті Мякзюм Салаховты Түркі әлемнің ынтымақтыстығын арттырудағы үлесі үшін Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.
Отырыста сөз басын алған Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының І вице-президенті Иса Габиббейли ТӘҰҒАО-дағы іс басындағы төрағалықты Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясынан Қырғызстан Ғылым Академиясына тапсырды.
Өз кезегінде төрағылықты қабылдап алған Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаев президиум мүшелеріне ризашылығын білдіріп, бірлескен жобаларды жалғастыратынын айтты.
Жиында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының басшылары өз ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, келелі басқосуда түркі мемлекеттері мен республикаларында пандемиядан кейінгі кезеңде қабылданған ғылымды қолдау жөніндегі шараларға қатысты пікір алмасып, келесі отырысты өткізу мәселесін талқылады.
Қазан қаласынан арнайы келген Татарстан Ғылым академиясының президенті Мякзюм Салахов өзі басқарып отырған ұйымның зерттеу негізгі зерттеу бағыттарымен таныстырды.
Одаққа алғаш рет ТМҰ мүшесі ретінде қатысып отырған Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов ғылыми ынтымақтастықты қолдап бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.
Жиын сонында арнайы шешім қабылданды. Президиумның ортақ шешім бойынша Одақтың келесі отырысын Татарстанда өткізуге уағдаласты.
Айта кету керек, ТӘҰҒАО Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен 2015 жылғы 29 маусымда Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында құрылған. Осыған дейін ТӘҰҒАО 4 рет кезекті жиыны мен 1 төтенше отырысы өткен еді.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/bishkekte-turki-alemi-ulttyq-gylym-akademiyalary-odagynyn-6-shy-otyrysy-otti_279840/