• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан ХВҚ-мен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды — Әлихан Смайылов

turan_admin turan_admin
03.06.2022, 12:31
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан ХВҚ-мен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды — Әлихан Смайылов
117
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде Халықаралық Валюта Қоры миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше, оның орынбасары Алехандро Хайденберг, Еуропа департаментінің аға экономисті Грегорио Импавидо, сондай-ақ Швейцария кіші тобының атқарушы директоры Петр Трабински және ҚР-ның бірқатар орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Кездесу басында Әлихан Смайылов Қазақстанның ХВҚ-мен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Биыл біздің еліміз бен Ұйым арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл толып отыр.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасында белгіленген демократиялық және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды іске асыру бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр.

Олар заң шығарушы билікті нығайтуға, құқық үстемдігіне, экономиканы сапалы жаңғыртуға, бәсекелестікті күшейтуге, жеке меншікті қорғауға, демонополизациялауға, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс қатысуын азайтуға бағытталған.

«ХВҚ Қазақстан экономикасы үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп отыр, жаңа реформаларды іске асыру аясында ол біз үшін аса маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Қазақстанның экономиканы декарбонизациялау, көміртекті азайту және фискалдық саясаттың тиімді тетіктерін енгізу бойынша озық халықаралық тәжірибеге мүдделі екенін айтты.

Өз кезегінде Николя Бланше өткен кезеңде ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті. ХВҚ Қазақстанға әрі қарай да қолдау көрсетуге дайын.

Кездесуге қатысушылар ХВҚ миссиясының қорытындыларын, макроэкономикалық саясаттың басым бағыттары мен құрылымдық реформалар бойынша ұсынымдарды, ҚР Үкіметінің көміртек салдарын азайту жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ Қазақстан мен ХВҚ-ның өзара іс-қимылының алдағы кезеңдерін талқылады.

«Мүмкіндікті пайдаланып, ХВҚ-ға біздің жұмысымызға үнемі қолдау көрсететіні үшін алғыс айтқым келеді. Арадағы тиімді ынтымақтастық әрі қарай жалғасады деп сенемін», — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.

Анықтама: Халықаралық Валюта Қоры – 1945 жылғы 27 желтоқсанда валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, экономикалық проблемалар бойынша бірлескен жұмыс, дебитор елдерге несие және консультациялар беру, сондай-ақ халықаралық қаржы статистикасын жинау және жариялау мақсатында құрылған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.

Қазақстан – 1992 жылдан бастап ХВҚ мүшесі. Осы уақыт ішінде біздің еліміз бен Қор арасында бірқатар өзара тиімді келісімдер жасалды. ХВҚ миссиясы жыл сайын консультация беру үшін Қазақстанға келеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.