Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының үш жасар тұрғыны Альтаир Ахиятұлы электр сымдарынан (заземление сымынан) тоқ ұрып қайтыс болды.
2020 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының көшелерінің жарықтандыру жұмыстарына “Хадиша апа” жеке кәсіпкерлігімен әкімдік келісімшартқа тұрған болатын. Кәсіпкердің міндетіне көше жарық бағаналары мен электр шамдарының жұмыс істеп тұруын қадағалап, тапсырыс берушінің қойылған міндеттерін орындау жататын.
Бірақ, 2020 жылдың тамыз айының 30 күні «Жастар» көшесінде кешкі уақытқа балалармен ойнап жүрген Альтаир Ахиятұлын жарық сымдары тоқ ұрып жан тапсырды.
Баланың қаза болуына байланысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс ашып, “Хадиша апа” жеке кәсіпкерлігінің басшысы Еламан Пернешевті күдікті ретінде танып, сотқа айыпталушы ретінде тартылды.
ТЕРГЕУГЕ НАРАЗЫ ҚАЙТЫС БОЛҒАН БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ
Тергеу амалдарына наразы болған Ахият Қабылбекұлы видео жолдады.
— Менің балам 2020 жылы тамыздың 30 күні дүниеден өтті. Қайтыс болу салдары Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Жастар 5/1 көшесінде ағамыздың үйіне бейсенбілік шәйге бардық, кешкі 6 лар шамасында балалар көшеде ойнап жүрген, столбтың сымы салбырап тұрған сол сымды ұстаған, содан балам қайтыс болды. Әйелім маған хабарласты, больницаға келдік, барсам балам жан тапсырып кетіпті. Бұған себеп болып отырған РЭС. Тікелей РЭС тің кінәсі. Бірақ олар оны бұрмалап отыр. Тұрғын үйге тартылған сымдардың босап тұруынан. Сол сымның салбырап тұрғанына 2-3 жыл болған оған дейін оны ешкім байқамағанда елемеген де. Осы жағдайдан соң ғана жөндеді. Еламан Пернешевқа ешқандай өкпем жоқ, бәрі РЭС-тің кінәсі, салғырт жұмысынан.
СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Еламан Пернешевті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 104 бабының 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) айыпталып, сот үкімі шықты.
Еламан Пернешев соңғы сөзі:
- Құрметті сот, әділ шешім береді деген ойдамын. Менің Альтаир Ахиятұлы өліміне еш қатысы жоқ екенімді дәлелдеп. Алланың алдында шындық кез-келген уақытта шығады. Менің бұл кінәні мойындағаным емес. Баланың қасіретін менде жақсы білемін, екі қыз тәрбиелеп отырмын, 5 жылдай баламыз болмады. Ахиаттың жағдайын толық түсінемін. Егер мен сол жағдайды жасасам, мен жазадан қашпас едім. Қазір де менің кінәм бір шетінен дәлелденген болса ешқашан жазадан қашпаймын. Кінәсіз болғандықтан, 2 жылға жақындаған сотқа уақытымды құртпайтын едім. Менің кінәм болмағандықтан Алланың алдында таза екендіктен, шындық шыққанша күресіп жатырмын. Құрметті сот, өзіңіз әділ бағасын береді деп сенемін.
Жуалы аудандық сотының судьясы Жамалбекұлы Байжан Альтаир Ахиятұлы өліміне қатысты Еламан Пернешевті ақтау үкімі шықты. Сот Жуалы ауданы әкіміне мұндай жағдайларды қайталанбас үшін, Жамбыл облысы полициясына тергеу амалдарының жан жақты дұрыс жүргізілуіне жекеше қаулы шығарылды.
Жуалы аудандық прокуратура қызметкері Айша Исатаева сот үкімінен кейін пікірін білуге сұрап едік “15 күн ішінде көресіздер” деп жауап беріп кете берді.
turaninfo.kz