• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті

Жамбыл облысында IV еңбек жастарының форумы өтті. Шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, білім беру мекемелерінің, әлеуметтік сала басқармаларының басшылары, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

turan_admin turan_admin
30.12.2021, 09:43
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті
555
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

– Адам – еңбегімен ардақты. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы стратегиясы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында бүгінде еңбек – XXI ғасырдағы жаһандық бәсекелестік жағдайында шешуші ұлттық фактор ретінде бірінші кезекке қойылуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Жастарды талмай еңбек етуге үйрету керек. Осындай форумдар арқылы жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Негізгі міндет – сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлау, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Ең үздік әлеуметтік серіктес» номинациясын жеңіп алған 12 кәсіпорын өкілдеріне Алғыс хаттар табыс етті. Бұл кәсіпорындар дуальды оқыту жүйесін дамытуға белсенді үлес қосуда.

Сондай-ақ, «Worlds kills Kazakhstan-2021» республикалық чемпионаты мен «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Шәушен» шаруа қожалығы, «Жаңа технологиялар» ЖШС, «ТаразТрансЭнерго» ЖШС, «Эффект» сұлулық салоны, «NUR-AI» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС «Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалы 6 үздік студентке стипендия тағайындап, оларды жұмысқа алды.

Бүгінгі таңда облыстағы 44 колледжде 23 мыңнан астам студент білім алуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өткен болатын.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға қарай жастардың 100 пайызы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілетін болады.

2021-2022 оқу жылында 37 колледждің студенттері (57 мамандық бойынша) дуальдық жүйемен білім алуда. Барлығы 8000-нан астам студент өндірістік тәжірибеден өтті. Жұмыс берушілер тарапынан үздік 35 студентке жалақы төленуде.

«Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасы аясында 11 колледжге материалдық-техникалық базаны жаңартуға, заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді. Студенттер дайындаған аспаздық жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдер 18 әлеуметтік дүкенде сатылуда.

Бұдан соң IV Аймақтық еңбек жастарының форумы аясында Тараз қаласындағы Талас (№6), Жайлау (№3) шағын аудандарында екі «Student önımı» дүкенінің салтанатты ашылуы өтті. Онда студенттер өндірген өнімдер сатылатын болады.

Тараз сервис және технологиялар колледжінің директоры Бекбол Маймышевтің айтуынша, «Жас маман» жобасы бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандықтары бойынша сабақтарға қажетті құралдармен жабдықтауға 332 миллион теңге бөлінген.

— Енді студенттер өз дүкендерінде өз өнімдерін сататын болады. Ондағы бағалар нарықтық бағадан 40 пайызға төмен, — дейді ол.

Аймақ басшысы тұрғындармен бірге дүкендерді аралап көрді.

— Елімізде мұндай дүкендер алғаш рет Жамбыл облысында ашылып отыр. Алдағы уақытта олардың санын арттыру керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.