• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аудан жаңалықтары

Аудандық орталық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті ашылды

Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті ашылды

27.12.2021
0
Аудандық орталық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті ашылды
563
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына бағасы 188 млн теңгені құрайтын жаңа мультиспиральді компьютерлік томограф  uCT530,  сатып алынды. Оның басты ерекшелігі — арнайы бағдарламаның көмегімен адам ағзасының барлық бөлімдеріне зерттеу жүргізетіндігінде.

Сипаттамасы бойынша түтіктің максималды айналу жылдамдығы — 0,75 сек/360°, генератордың баламалы қуаты — 103 кВт/сек. Үстелге максималды жүктеме — 205 кг. Аппературасы — 70 см.

Құрылғы өкпенің, бауырдың, ұйқы безінің қатерлі ісіктерін, іш қуысының патологиясын, көкбауырдың, бүйректің, бауырдың жарақаттарын, қан тамырлары мен қан ағымының жағдайын, мидағы артериялардың қан кетуін немесе кеңеюін, сүйектердің зақымдануында  дәл диагноз қоюға және ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы аппаратта қажет болған жағдайда контрасты тексеру мүмкіндігі де қарастырылған. Өйткені кейде зерттеуді жүргізу кезінде сау және патологиялық өзгерген тіндердің контрастын күшейту қажет болады. Көп жағдайда процедура қатерлі ісікке күдік туындаған кезде немесе қатерлі ісікті саралау үшін ұсынылады. Контрастты КТ-ның басты артықшылығы — қабыну процестерін, кисталарды, қан ұйығыштарын, ісіктерді ерте диагностикалау. 

Компьютерлік томография жасау кезінде рентген суреттері бүкіл денедегі бұрыштарды толық қамтиды. Нәтижелер қуатты компьютердің көмегімен өңделеді. Бұл жағдайда жаңа құрылғы виртуализациямен 40 тілім шығарады. Зерттеудің жоғары өнімділігі мен нәтиженің дәлдігінің арқасында суреттерді сапалы түрде визуализациялауға және деректерді мұрағаттауға болады. 

Мұндай аппараттан өту үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек, сырға, сақина, белдік сынды темірден жасалған бұйымдарды шешіп, пациент шалқасынан құрылғыға жатқызылады. Аппарат 10-15 секундтың ішінде сканерлеп, ауру себептерін анықтау үшін компьютер бетіне адам ағзасын түсіріп береді. Тексеру жұмыстары ешқандай ауыртпалықсыз жасалады.

Сәулелік диагностика бойынша  арнайы оқытылған мамандар мен жаңа заманауи құрылғының бағдарламалық жасақтамасы пациенттердің үлкен ағымымен жылдам, әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.   

2021 жылдың 27 желтоқсаны күні   барлығы 15 адам  тексеруге  жіберілді, тексеру қорытындысы  науқастың ем-шара қабылдау кезінде өз нәтижесін берді.  

Медициналық қызметтің  бұл түрі  міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында тегін және  ақылы негізде көрсетіледі. Ал инсульт,  жарақат  алу т.б.  шұғыл жағдайларда зерттеулер тәулік бойы  азаматтардың сақтандыру мәртебесіне қарамай  жасалатын болады.

Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі

Тегтер: 75 сек/360°бауырдыңбауырдың жарақаттарынбүйректіңгенератордың баламалы қуаты - 103 кВт/сек. Үстелге максималды жүктеме - 205 кг. Аппературасы - 70 см. Құрылғы өкпеніңіш қуысының патологиясынкөкбауырдыңКТқан тамырлары мен қан ағымының жағдайынмидағы артериялардың қан кетуін немесе кеңеюінсатып алынды. Оның басты ерекшелігі - арнайы бағдарламаның көмегімен адам ағзасының барлық бөлімдеріне зерттеу жүргізетіндігінде. Сипаттамасы бойынша түтіктің максималды айналу жылдамдығы - 0сүйектердің зақымдануында дәл диагноз қоюға және ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақТ.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына бағасы 188 млн теңгені құрайтын жаңа мультиспиральді компьютерлік томограф uCT530ұйқы безінің қатерлі ісіктерін

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты