Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарын қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
– Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.






