Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі азайды. Өткен тәулікте тағы 69 адамнан коронавирус инфекциясы, 25 адамнан пневмония анықталды.
Өңірде барлығы — 19 167 жағдай тіркеліп, оның 17803-і дертінен сауығып шықты. Инфекциялық стационарларда — 783, жансақтау бөлімінде — 84 науқас ем қабылдап жатыр.
Аурушаңдықтың төмендеуіне байланысты инфекциялық төсектер саны 3084-тен 2274-ке дейін азайды. Олар облыстық оңалту орталығы, психикалық денсаулық орталығы және «Айша-бибі» шипажайында ашылған инфекциялық стационарлар.
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 57070 доза — QazCovid-in, 632 570 – Спутник V, 60 000 — Хаят Вакс, 34 000 — КоронаВак, 44 000 — Vero Сell Синофарм вакциналары жеткізілді. 445 792 адам біріншісін, 316 915 адам екі компонентін де қабылдады. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі