Жамбыл облысында 06.09.2021ж. дейін тәулігіне – 10504 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 7069 адамға, 2 — айналымда 3435 адамға екпе жасалды. 06.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 410594 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 70,5%-ды құрайды, оның ішінде 19195 — медицина қызметкерлері (4,7%), 38856 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (9,5%), 19093 – күш құрылымының мамандары (4,6%), 7687 — мемлекеттік қызметкерлер (1,9%), 18501 — студенттер (4,5%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 71469 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (17,4%) және 235220 — басқалары (57,3%).
Екпе алған 410594 адамның, 295425 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 9780 доза және 2 компонент 47290 доза; «QazVac» 1 айналымына 12862 дозаның және 2-ші айналымына 21548;
Синофарм VeroCell 1 тур — 5910 доза, 2 тур – 22000; «CoronaVac» — 1190 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1033 доза,. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі