• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі тіл жанашырларын марапаттады

turan_admin turan_admin
06.09.2021, 22:07
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі тіл жанашырларын марапаттады
200
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Тіл жанашыры» жүлдесінің иегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, өз кезегінде мерекенің маңыздылығына тілге тиек етті.

– Халқымыз «Тілі жоғалғанның өзі жоғалады» дейді. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілімізге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіздік жылдарында ана тіліміздің деңгейі  біраз көтерілді.  Қазір біздің еліміздің тұрғындары 70 пайыз қазақ тілінде сөйлейді. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруі жергілікті ұлт өкілдерінің белсенділігіне тікелей байланысты. Өзіміз ең алдымен ана тілімізді құрметтей білсек, өзгелер де қадірлейді.

        Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жақында жариялаған Жолдауында мемлекеттік тілді қолдау бұрынғыша қала беретінін, тіл саясатының маңызға ие екенін айтып өтті. Қазақ тілінің мерейі өссе, ұлт мерейі өседі. Тілге құрмет отбасынан, балабақшадан басталып, оқу орындарынан жалғасын табуы тиіс.  Өз ана тіліңнен бөлек, өзге тілді  білудің де маңызы–өте зор. Ресми тіл саналған орыс тілі Біріккен Ұлттар ұйымындағы негізгі 6 тілдің қатарында. Ағылшын тілін білсең, әлем халықтарымен еркін сөйлесесің. Жастарымыз өз алдына бірнеше тіл білу туралы мақсат қойса, оның жемісін өздері көреді,-дей келе Бердібек Сапарбаев облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесінің түрлі аталымдар бойынша марапатын иелеріне табыстады.

        Атап айтқанда, «Тіл майталманы» аталымы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Қарымбаева, «Тіл мерейі» аталымы бойынша Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі №32 орта мектебі директорының орынбасары, украин ұлтының өкілі  Тарас Леоненко,  «Тіл шебері» аталымы бойынша Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, облыстық , республикалық  тіл байқауларының жеңімпазы, дүнген ұлтының өкілі Нұрзада Даутова, «Тіл-қазына» аталымы бойынша облыстық «Тілдерді оқыту» орталығының аға әдіскері, мемлекеттік тілді оқыту әдістемелік құралдарының авторы Шынар Бахытбекқызы, «Тіл тірегі» аталымы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Бақтияр Бекназаров, «Тіл сақшысы» аталымы бойынша Тараз қаласы, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің қоғамдық қызметкері, «Жаңа-Ру» үкіметтік емес ұйымының еріктісі Жандос Байкөбеков марапатталып, әрқайсысы 300 мың теңге көлемінде сыйлыққа ие болды.

        Жиында тіл жанашырлары Күлзинат Қарымбаева мен Тарас Леоненко сөз сөйлеп, тілге қамқор кісілерге қолдау білдіргені үшін облыс әкіміне алғыс  айтты. Іс-шараны облыс әкімі қорытындылап, мемлекеттік тілге, жалпы тілдерді дамытуға деген белсенді жұмыстар алдағы уақыттарда да жүзеге аса беретінін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.