Меркі ауданы бойынша 2021 жылы «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 жобалау сметалық құжатама сәйкес құрылыс жұмыстарына 257533,0 мың теңге қаражат қарастырылды және орташа жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан 2 ауылішілік жолға қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары басталды жалпы 2 көшенің құны 61370,0 мың теңгені құрайды. Меркі ауылына қарасты М.Маметова көшесі, аудандық аурухана маңдары ағымды жөндеуден өтті және орталық базардың кіре беріс жолын жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады жалпы құны 23000,0 мың теңгені құрайды. Аталған нысандардың мердігері «Меркі жолдары» ЖШС жобаларды жүзеге асырумен айналыспақ.2021 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Меркі ауданы аумағында орналасқан аудандық мәндегі “Мерке-Талдыбұлақ 3,6шқ” “Ақтоған-Қазақ Дихан 2,6 шқ” “Қызыл Қыстақ – Арал Қыстақ 3,3 шқ” автомобиль жолы жалпы құны 234,2 млн. теңгеге қолдау тапты және мемлекеттік сатып алу амалдарына берілген. “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарлама аясында жолдарды орташа жөндеу өткізу мақсатында 2 млрд. теңгеге салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Бүгінгі таңға Аспара ауылдық округіне қарасты Садуақас көшесі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды және Сарымолдаев ауылдық округіне қарасты Қорбозов (Кубанский) көшесіне асфальтау жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады. Жалпы аудан аумағында 45 елді мекен бар. Оның 39–і табиғи газбен қамтамасыз етілген, Қамтамасыз етілмеген 6 елді мекен оның ішінде Ақкөз-Қайнар, Жауғаш батыр, Мыханды, Қарасу, Тасөткел, Шемен елді мекендері қамтылмаған. Бүгінгі таңға Қарасу, Ақкөз Қайнар, Беларық ауылдарын газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, сараптамасы алынды. Сонымен қатар А.Исмаилов №153 мекен-жайындағы аудандық орталық кітапхананың ғимаратын және Жамбыл ауылына қарасты Жауғаш батыр көшесін, Ойтал ауылына қарасты Мамыр көшесін, Сарымолдаев ауылына қарасты Садовая көшесін табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, әлеуметтік қолдау шаралары заң аясында ұйымдасыру мақстаында қайырымдылық қоры ашылуда. Оның реквизиті көпшілікке жарияланып, тиісті қайырымдылық қаражаты жинақталып, толық емес, мүмкіндігі шектеулі балалары бар және жағдайы нашар көпбалалы отбасыларға көмек беріледі. Аталған қордың жұмысы орталық әлеуеттік дүкенде жеке ашылады.
Сонымен қатар, ауданда 8 ауылдық округте әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылатын 16 дүкенде «Әлеуметтік сөрелер» орналастырылды. Азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген баға бойынша сатылып келеді. Тұрғын үй құрылысы бойынша Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің базасына сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған 60 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында инвестор тартылып 2021 жылы Сарымолдаев ауылында жалпы 60 пәтер болатын 1 тұрғын үй 4 пәтерден тұратын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 15 тұрғын үйді сатып алуға қаржы бөлу үшін облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына 668,640 млн. тг. бюджеттік өтінім тапсырылды. 1 шаршы метр 140,0 мың тг. құрайды. Сонымен қатар, Меркі ауданы Меркі ауылынан жалпы 300 пәтер болатын 5-қабатты 60-пəтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Әр тұрғын үйдің сметалық құны 836,837 млн. тг. Жалпы 5 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 4 141,505 млн. тг. қаржы бөлу үшін облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Құрылыс басқармасы өз тарапынан экономика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырды.
Аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында аз қамтылған отбасыларына 2021 жылы 12 ауылдық округте 13 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 7 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Т.Рысқұлов ауылындағы 1 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақтоған ауылындағы және Кеңес ауылындағы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Меркі ауданы Меркі ауылындағы Спорт кешені салынды. Құрылыс жұмыстарына 508,5 млн. тг. жұмсалды. Спорт кешенінде бокс, күрес, футбол, гандбол волейбол және жаттығу залдары бар. Меркі ауданы Тұрлыбай батыр ауылындағы №34 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 133,7 млн. тг. бөлініп, Мердігер мекеме «Айна-City» ЖШС. 2021 жылғы 12 тамызда құрылыс жұмыстары басталды. Меркі ауданы Сұрат ауылындағы ауысымына 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу үшін бюджеттен 175,257 млн. тг. бөлінген. Мердігер «АКМ Group» ЖШС. 2021 жылғы 10 тамызда құрылыс жұмыстарын бастау үшін талон алынды.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды