• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАР

12.11.2021
0
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАР
245
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 ж.ж арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Білім бөліміне қарасты 3 мектептен тыс мекеме мен облыстық «Жамбыл дарыны» орталығында 13 271 бала, жекеменшік мекемелерде 798 бала үйірмелерге және 1 857 бала қаладағы 8 спорт мектептердегі секцияларға қамтылған. Жалпы алғанда 15 926 бала қосымша біліммен қамтылып, бұл барлық оқушылардың 20,9 пайызын құрады. Мектептердегі қосымша білім берудің барлық түрін есептегенде қамтылған оқушылардың үлесі 93%-ды құрайды. 2021 жылы Оқушылар сарайы мен №22 орта мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу арқылы қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту жоспарланған. Бүгінгі күні Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Ал №22 ОМ күрделі жөндеу жұмысы 27.07.2021 ж. басталды. Нәтижесінде 2 100 бала қосымша біліммен қамтылатын болады.

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – cапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету.cДенсаулық сақтауды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулық жағдайын және медициналық көмек көрсету деңгейін сипаттайтын орындалуы міндетті индикаторлар белгіленген. Түберкулезбен ауырғандар саны 91 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға төмендеген. Туберкулез ауруынан 3 адам қайтыс болған. Нәресте өлімі 41 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10 оқиғаға өскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, нәресте өлімінің өсуі жүкті әйелдердің жүктілік кезеңінде алдын-ала арнайы медициналық тексерулерден уақытылы өтпеуінен және инфекциялық, қан айналым жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің сырқатттану салдарынан орын алып отыр.

Тараз қаласы бойынша халық саны – 365 134 адамды құрайды. Қалада 22 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетеді, оның 8-і аурухана, 9-ы амбулаторлы-поликлиникалық ұйымдар, 1-і дәрігерлік амбулатория, т.б. Тараз қаласы бойынша 18 жастан асқан барлығы – 302 637 адамның 80% ковидке қарсы вакцинациялауға жатады. Бүгінгі таңда «Арай» медицина орталығы және «Даримед» медицина орталығы, қалалық барлық 9 емханаларда егулер жүргізілуде.

ҚР тіл саясатын іске асырудың  2020-2025 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаражат  –   3 млн. 294 мың теңге. Жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 90,8%-ды құрап отыр. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі – 68,6% құрап отыр. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,5% , ағылшын тілін меңгергендер үлесі – 28,1%, үш тілді меңгергендер– 30,5% құрап отыр.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: денсаулық сақтауемханаМемлекеттік тілТұрғын үйэкономика

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты