Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Оған Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық жасайды. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, — делінген жазбада.
Дереккөз-baq.kz : https://baq.kz/news/othernews/zhambyldagy-zharylys-memleket-basshysy-vedomstvoaralyk-komissiya-kurudy-tapsyrdy/