Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР БжҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментімен бірлесе отырып, мектеп әкімшілігі, педагогтер, колледж басшылары мен оқытушылары үшін Тамыз кеңесі аясында «Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» атты онлайн панельдік сессиясы өтті.
Онлайн сессияға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Е.Бекбатырова мен 660-тан астам білім қызметкерлері қатысты.
Панельдік сессия жұмысы барысында мамандандырылған білім беру ұйымдары басшылары мен жетекші практик мұғалімдер жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Білім қызметкерлері үшін аталған іс-шара тың ақпараттарымен және мазмұндылығымен ерекшеленді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы