Бүгін Тараз қаласындағы «Шахристан этно — тарихи кешені «Көрме орталығы» ғимаратында дәстүрлі түрде «Тамыз конференциясы» өтті. Конференцияның алғы сөзін Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев сөз алды. Конференцияда Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Талғат Жамалов, Қазақстан Республикасы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті Ғани Бейсембаев, ата — аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, Жамбыл облыстық полиция департаментінің «Жергілікті полиция» қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рақымберді Әшкеев, Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп интернатының тарих пәнінің мұғалімі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Мираш Бегілдаева сөз сөйледі.
Биылғы жылы оқушыларымыз республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарысында командалық есепте 12-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 8 мектеп «100 үздік мектептердің» қатарына кірді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының «Ел Үміті» бастамасының шеңберінде өткізіліп жатқан «Мың бала» олимпиадасында соңғы 2 жылда 159 оқушы жүлдегер атанса, «Елбасы» медалі» жобасында 143 оқушы қола, 4 оқушы күміс медальдарды иеленді (республика бойынша күміс медаль алған оқушы — 8).
Сондай-ақ, ауыл балалары үшін ұйымдастырылған «Айқанат» олимпиадасына да облыс оқушылары белсенді түрде қатысуда деді Талғат Салқанұлы.